«Көп әйел алу заңға қайшы»: министрлік өкілдері Алматыдағы «тоқал» туралы даулы жарнамаға қатысты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
18.05.2024, 13:15
985
«Көп әйел алу заңға қайшы»: министрлік өкілдері Алматыдағы «тоқал» туралы даулы жарнамаға қатысты (ВИДЕО) arbat.media

Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері «тоқалдарға арналған сөмке» туралы пікір білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері Алматыда азаматтардың наразылығын туғызған сауда және ойын-сауық кешеніндегі жарнама туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. 

"Біріншіден, көп әйел алу заңға қайшы. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 11-бабына сәйкес, бір некеде тұрған адам басқа адаммен неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) жол берілмейді.

Некесі тіркелмеген әйелдер заңмен қорғалмайды.

Екіншіден, көп әйел алудың әйелдерге, балаларға және қоғамға ауыр зардабы бар. Бұл теңдікті бұзады, денсаулыққа қауіп төндіреді және мүмкіндіктерді шектейді", - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ министрліктегілер қазақстандық қоғамда отбасылық құндылықтарға теріс әсер ететін мұндай құбылыстарға теріс көзқарас қалыптасып жатқанын айтты. Ведомство өкілдерінің сөзінше, біздің азаматтардың "құндылық пакеті" отбасының қауіпсіздігі мен амандығы саналады.

"Әлеуметтік желіні пайдаланушылар, бизнес өкілдері, блогерлер немесе басқа да азаматтар қоғамға таратқан ақпараты үшін жауапкершілікті түсінуі керек. Зерттеулер бойынша ғаламтор пен әлеуметтік желілердің әсерінен туындаған мінез-құлық нормалары қуатты фактор ретінде әрекет етеді. Мұндай контентті көрсету заңды жауапкершілікке әкеледі", - деді ведомство өкілдері.

Бұған дейін Алматыда тоқалдарға арналған сөмке сатылып жатқаны жөнінде жазған едік.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады