961

Биыл Атыраулық түлектерге 1200 мақсатты білім беру гранттары бөлінген

Атыраулық талапкерлер жалпы конкурс бойынша да республикалық грантқа үміткер бола алады дейді министр кеңесшісі.

Биыл Атыраулық түлектерге 1200 мақсатты білім беру гранттары бөлінген
sputnik

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау талапкерлері үшін нысаналы білім беру гранттары талқыға түсті.

Атырау қаласында Маңғыстау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің базасында қазақстандық жетекші жоғары оқу орындарының көрмесі аясында «Халық тығыз орналасқан және батыс өңірлердің жастарын оқытуға арналған нысаналы білім беру гранты туралы» баспасөз конференциясы өтті.

БАҚ өкілдерімен кездесуге ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетінің төраға орынбасары Ақерке Абылайхан, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев қатысты.

“Атырау өңірінің түлектеріне Мемлекет басшысының тапсырмасымен мақсатты 1200 грант қосымша бөлінді. Жалпы республика бойынша биылғы жылы бакалавриат бағытына 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Атыраудың талапкерлері жалпы конкурс бойынша да республикалық грантқа үміткер бола алады, сонымен қатар 1200 нысаналы грант Атырау өңіріне бөлініп отырған қосымша бір мүмкіндік екенін айрықша атап өтеміз”, - деді министр кеңесшісі Руслан Емелбаев брифинг барысында.

Материал авторы