«Санасыз еркектер кездеседі»: Айшолпан Байтүгел қоғамдағы қыз рөліне қатысты жанайқайын айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
18.05.2024, 17:16
1650
«Санасыз еркектер кездеседі»: Айшолпан Байтүгел қоғамдағы қыз рөліне қатысты жанайқайын айтты (ВИДЕО) жеке парақшасынан

Көпшілік жас актрисаның көзқарасына тәнті болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық танымал блогер Айшолпан Байтүгел қоғамдағы қыз рөліне қатысты жанайқайын айтты. Ол журналист Асхат Садырбайдың Youtube желісіндегі парақшасына берген сұқбатында не себепті тұрмысқа шықпай жүргенін де түсіндірді.

Өз сөзінде блогер осыған дейін жауапсыз махаббаты бастан кешкенін, ал қазір тұрмысқа шығуға дайын емес екенін жеткізді.

"Жауапсыз махаббат болды. Мен сол үшін тұрмысқа шыққым келмейді. Себебі өзім үйдегі "бунт" жасайтын бала болдым. Қазір де жағдайымды жасап, саналы түрде ана атануға дайын болғанда ғана дүниеге бала әкелгім келеді. Биыл 29 жасқа толамын. Қазір туыстарымнан қысым көп. Бәрі тұрмысқа шығу керек екенін айтады. Ал "мен солай істеу керек" деп тұрмысқа шыға салғым келмейді.

Дәл осы қисынсыз сұрақты қоятын жандарға да таңғаламын. Тұрмысқа шықпасам, демек мен әлі мұндай жағдайға жетпедім немесе болашақта мені ілестіріп алып кететін, ойымыз бір жерден тоғысып, саналы ұрпақ алып келетін адамды кездестірген жоқпын. Кез келген адам - индивид. Ешкім ешкімге міндетті емес", - дейді ол.

Айшолпан қазіргі қоғамда қызға артылатын жүктің көп екенін де атап өтті.

"Менің әпкем де тұрмысқа шықпаған. Жасы 35-те. Бізде қазақта ер балаға қарағанда қызға көп жүк артады. Сондықтан заманды өзгертіп, сол жүкті ер адамдарға арту керек деп ойлаймын. Көп заманда "Қыздар бұзылды, қызды қырық үйден тыю керек" деді ғой. Осының бәрі сөзіме дәлел.

Расында "рахатты қыздан көресің" дейді де, ер балаға жағдай жасайды.Сосын ол қыз кетеді, жұмыс істейді, жағдайын жасайды, жолында неше түрлі санасыз еркектер кездеседі. Ақырында тығырыққа тіреледі. Сол үшін қызды "ешкім сені ренжітуге хақы жоқ, әке-шешең артыңда бар" деп өсіру керек сияқты", - дейді Айшолпан Байтүгел.

Бұған дейін Айшолпанның жігіттермен қарым-қатынасы туралы мәлімдемесін жазған едік. Актриса кездесулерден соң жігіттердің 90%-ы оны әлеуметтік желіде құлыптап тастайтынын айтқан.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді