855

Димаш Құдайберген Президент тарту еткен тазыны көрсетті

Мемлекет басшысы берген тазыны «Ғарышкер» деп атаған өнер иесі Президентке алғысын айтты.

Димаш Құдайберген Президент тарту еткен тазыны көрсетті
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемге әйгілі әнші, жерлесіміз Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы сыйға тартқан тазымен түскен суретін жариялады.

«Осыдан бірнеше ай бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тазы сыйлап, ерекше тарту жасаған еді. Оған «Ғарышкер» деп ат қойып, содан бері сенімді серігіме айналған болатын. Жеті қазынаның біріне саналатын тазыны қазақ халқы қадірлей білген», - деген жазба қалдырды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, әнші Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтады.

«Осындай тамаша, баға жетпес қазынаны тарту еткен ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге елге қызмет істеу жолында қажымас қайрат, күш-қуат тілеймін! Сізге шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас қуат және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Ел болашағы жарқын болсын!», - деп тілек айтты.

Еске сала кетсек, былтыр күзде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Димаш Құдайбергенге тазының күшігін сыйлаған еді.

Материал авторы