«Басымнан үш рет ұрды»: Астаналық алимент төлемеу үшін бұрынғы әйелін өлтіруге киллер жалдаған (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
18.05.2024, 11:50
978
«Басымнан үш рет ұрды»: Астаналық алимент төлемеу үшін бұрынғы әйелін өлтіруге киллер жалдаған (ВИДЕО) ашық дереккөзден

Киллер полицияға өзін әйелдің бұрынғы күйеуі жалдағанын айтқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана тұрғыны Ксения Первова бұрынғы сүйіктісінен қорғауын сұрап, президентке видеоүндеу жолады. 19 сәуірде көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің подьезінде әйелге киллер шабуыл жасаған. Бұл туралы KYN.KZ жазды.

Видео Instagram желісінде жарияланған. Жәбірленуші сол күні балаларымен үйге кіріп бара жатқан кезде бетіне бетперде киген киллердің оған шабуыл жасағанын қорқынышпен еске алады.

«Ол мені белгісіз бір затпен басымнан үш рет ұрды. Өзінің берген жауабында тас екенін көрсеткен. Ары қарай мені 14 этаждың баспалдағымен балконға қарай сүйреп, сол жерден атпақ болды», - дейді әйел видеода.

Балалары үшін ол күш тауып, лифтке қарай жүгірген. Алайда, басынан тағы соққы алып, сол жерде құлап қалған.

«Мен орнымнан тұрып көмектесулерін сұрап көршілердің есігін қақтым. Сол кезде ол мені өлтіре алмады. Өйткені бірі көріп қоя ма деп қорқып кетті», - дейді әйел.

Киллер полицияға өзін әйелдің бұрынғы күйеуі жалдағанын айтқан. Ксения  13 жастағы қызы үшін оны алиментке берген. Сол үшін өлтіруге тапсырыс берді деп ойлайды. Қызының әкесімен ол ресми т үрде некеде болмапты.

 «Ол алимент төлемей, қарызы 4 млн теңгеге дейін өскен. Сол кезде менің алименттен бас тартуымды айтып, қорқытқан болатын. Оны қазір 15 тәулікке қамады. Байқоңыр ауданының полициясы «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғады. Құрметті президент мен сізден бұл істі өз қолыңызға алуыңызды сұраймын. Егер ол абақтыдан шықса, өзінің пасық ісін қайта істейді. Сондықтан мені және балаларымды қорғауыңызды өтінемін», - дейді Ксения видеода.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды