«Ешқашан көргенсіздігін көргенім жоқ»: Елена Әбдіхалықова әнші Кішкенбаевқа қолдау көрсетті.

Аиса Махамбет Редактор
05.02.2025, 09:38
172
«Ешқашан көргенсіздігін көргенім жоқ»: Елена Әбдіхалықова әнші Кішкенбаевқа қолдау көрсетті. жеке мұрағатынан

Алмасты 1-сынып оқып жүрген кезінен білемін дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші Елена Әбдіхалықова жасөспірімге тиісті деп істі болып жатқан Алмас Кішкенбаевқа қолдау білдірді. 

Өнер иесі әншіні бала күнінен танитынын алға тартты. 

“Белгілі эстрада әншісі Алмас Кішкенбаевты сонау 1-сынып оқып жүрген кезінен білемін. Анасы Айнаш апа екеуі өзінен үлкен домбырасын арқалап, бір концертке қатысуға театрға келген. Алғаш рет тыңдап, театр толы көрерменмен бірге қол соқтық. Кейін Қызылорда Қазанғап Жоғары Музыка колледжінде дәріс бердім. "СуперStar" жобасының қорытынды финалына Алматыға арнайы ұшып барып, жанкүйер болғаным бар. Ешқашан, ешжерде өрескел әдепсіздігін, өтірік сөйлеген көргенсіздігін көргенім жоқ. Есесіне, үнемі ілтипатпен, ізетпен, орнын білетін талантты бала болғаны үшін құрметтеп келемін. Ең бастысы, өнерде мәнері мен әдемі даусы, талғамы бар әнші деп бағалаймын", – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ өнер иесінің оғаш қылық көрсеткеніне сенбейтінін айтты. 

“Әлем-жәлем желіде түрлі сөз желдей гулеп тұр. Ешкімнен соқыр тиын ұрламаған, тірі жанға зәбірі жоқ, талантты жастарды "жақтым күйе, жаптым жала" деп, түрмеге тоғыта берсек, қалай ел боламыз? Адам болған соң, қисық басатын сәттер де болатын шығар, дегенмен өз басым Алмастың қылмыс жасағанына сенбеймін! Қайта іштей Алмастың образын ашатын әндер болса деп тілеп жүремін. Бүгінгі эстрадада өз биігіне көтерілетін күні алда деп ойлаймын! Лайым, сол күнге жеткейсің, Алмас айналайын! Мұңайма! Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді? Тек аман жүргейсің!", – деп жазды сазгер. 

«Жылу үшін 93 мың теңге». Ақтөбеде жаңа ғимараттың тұрғындары қымбат коммуналдық төлемге қарсы шықты «Бортсерік екі орын жарылып кетті деген»: Ақтауда ұшағы апатына қатысты тергеудің алдын ала есебі жарияланды Ер адам 23 жасар ұлына бір бүйрегін беріп, өмірін аман алып қалды Ер адам өш алу үшін әріптесінің көлігін ұрлап кеткен «Ешқашан көргенсіздігін көргенім жоқ»: Елена Әбдіхалықова әнші Кішкенбаевқа қолдау көрсетті. Қонаевта мектеп оқушысы антисептикке уланып, денесі көгеріп кеткен Роза Әлқожаның денсаулығы сыр беріп, өкпесі ауырып жүргенін айтты (ФОТО) Бұрынғы әйелін өлімші етіп ұрып-соқты деп айыпталған атыраулық депутат мәлімдеме жасады «Орамал таққанның бәріне сенуге болмайды»: ақтаулық әйел алаяққа сеніп, 13 миллион теңгесінен айырылған «Астана» спорт кешенінде полицей қаза тапты Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды «Баламның қолын шауып тастаған»: Қазалыда бүтін бір отбасы 20 жыл құлдықта болған Қырғыздар «-ов» және «-ев» жалғауларына қарсы күрес жариялады Ақтаудағы жаттықтырушы қыздың өлімі: зорлықшылар қыздың атына рәсімдеген несие жайы не болмақ? Ақтөбеде мемқызметкер мен депутат 672 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді Маңғыстауда балалар астан уланып, ауыл балабақшасы уақытша жабылды ВИЧ инфекциясын жұқтырған ана: Нәрестенің тест нәтижесі жарияланды Министрлік ОПЕК+ келісімі туралы мәлімдеме жасады Қазақстанда үш судья жазаланды Астанада әлеуметтік осал топтағы жандарға 93 үй берілді