505

Маңғыстауда балалар астан уланып, ауыл балабақшасы уақытша жабылды

Жаңаөзенге қарасты Қызылсай ауылында балалар жаппай тамақтан уланған.

Маңғыстауда балалар астан уланып, ауыл балабақшасы уақытша жабылды
Canva / shisuka

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 31 қаңтар күні 20:13-те Жаңаөзен қаласының “Қызылсай” кентінен жедел жәрдем қызметіне тұрғындардан іштің ауырсынуына байланысты шақыру түскен.

Жедел жәрдем бригадасы барлығын қарап, тексеруден өткізді.

37 адамның ішінен төртеуі ауруханаға жатқызылды (1 ересек, 3 бала). Қалғандары үй жағдайында амбулаторлық ем алуға жіберілді. Қазіргі уақытта балабақша жабылып, уәкілетті органдар тексеру жүргізіп жатыр, - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Материал авторы