«Баламның қолын шауып тастаған»: Қазалыда бүтін бір отбасы 20 жыл құлдықта болған

Аиса Махамбет Редактор
04.02.2025, 14:52
2953
«Баламның қолын шауып тастаған»: Қазалыда бүтін бір отбасы 20 жыл құлдықта болған жеке мұрағатынан

Оларға белгілі кәсіпкер жылдар бойы қорлық көрсеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ақсуат ауылында тұратын бүтін бір отбасы 20 жыл құлдықта болғанын айтып, жанайқайын бөлісті. Олар сол өңірге белгілі кәсіпкерден жылдар бойы қорлық көріп келгенін жеткізген.

24kz мәліметінше, Қожагелді Жалғасбаев осыдан 20 жыл бұрын қазақстандық кәсіпкер "жұмыс тауып беремін" деген уәдемен отбасымен бірге шекарадан алып өткенін мәлімдеген. Оның айтуынша, содан бері көрген күні адам айтса сенгісіз.

20 жылдан бері айдалада малын баққызып, қолыма көк тиын да ұстатпады, - дейді ол.

Жалғыз өзін ғана емес, жолдасы мен бала-шағасын да қара жұмысқа жеккенін айтады.

Шекарадан өздері алып өтті мені. Осы жаққа әкеп, мал бақтырып қойды. Сол 20 жыл болды ғой. Мал баққаныма бұл жерге. Ана адамға да, мына адамға да айтам. Құдай айдап, мына ініме айттым. Осы кісілермен кетіп қалдым, қашып кеттім мен. Бала-шағам қалды ана жақта", - дейді Қожагелді Жалғасбаев.

Айдалада мал бағып жүрген жерінен Қазалы қаласының тұрғыны үйіне әкеліп, ас ауқатын беріп, киім-кешекпен қамтамасыз еткен.

Қанша азап көріп келе жатырмын ғой мен. Ұрып-соғады. Айдалада жатам жаздай. Бала-шаға әр жерде жүр. Әйелім бір жақта жүр. Балалар соның жұмысында жүр. Баламның қолын мына жерден шауып тастаған. Балаларды да ұрып-соғады. Үш балам да оқымайды. Мектепке бармаған. Өтірік анықтама алады екен бұлар, оқып жатыр деген. Сауатсыз үшеуі де, - дейді Қожагелді Жалғасбаев.

Сөзінше, үш баласы да құлдықта жүрген жылдары өмірге келген.

Екі баламды мына лашықта өмірге әкелдім. Бұл балаларымды көрген де жоқпын. Сол жаққа алып кетеді, бір өзім жүрдім малдың басында. "Ананы, мынаны істемедің", - дейді. Қорасы тазаланбай қалады, маған айтады: "Қора тазаланбады, неғып отырсың. Үлкен ұлды тыр жалаңаш қойды далаға, күн суықта. Үстіне суық су құйды, - деп бөлісті Шолпан Жалғасбаева.

Естіген адамның төбе құйқасын шымырлататын оқиға туралы екі апта бұрын белгілі болған. Аталған жайтқа аудандық полиция бөлімінің өкілі пікір білдірді.

Бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша полиция тергеп-тексеру бастады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", - деді Қазалы АПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Қуандық Оразов. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды