Роза Әлқожаның денсаулығы сыр беріп, өкпесі ауырып жүргенін айтты (ФОТО)
Өкпенің бұлай ауырғанын кім көрген дейді ол.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Роза Әлқожаның денсаулығы сыр берді. Бұл туралы Stan.kz жазды.
Өнер иесі екі апта ем қабылдағанын айтты.
Айта кетейік, жақында өнер иесі алғаш рет әже атанған еді."Екі апта ем алып, енді жазылып жатырмыз, тәуба! Бұрын өкпенің бұлай ауырғанын кім көрген?! Денсаулықтың қадірін білмейді екенбіз", – деп жазды әнші.
“Әже болып ояндым, шүкір! 3-перзентхананың барлық қызметкеріне рақмет! Ақ халатты аяулы жандарға алғыс!" – деп жазды сазгер.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор