774

ВИЧ инфекциясын жұқтырған ана: Нәрестенің тест нәтижесі жарияланды

Жаңа босанған әйелдің ВИЧ індетін жұқтырғаны белгілі болды.

ВИЧ инфекциясын жұқтырған ана: Нәрестенің тест нәтижесі жарияланды
Canva / Sergey Novikov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында босанған әйелдің ВИЧ індетін жұқтырған оқиғасына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, перзентханада қан құйылған әйелге жоспарлы тексеру кезінде ВИЧ індеті анықталған. Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығында есепте тұр, қажетті медициналық көмек алуда.

"Бүгінгі күні бала АИТВ-ға (адамның иммун тапшылығы вирусы) талдауы теріс нәтиже көрсетті. Нәрестеде инфекцияның бар-жоғы 1,5 жасқа толғанда түпкілікті анықталады. Эпидемиологиялық тексеру барысында қаны бар донорлардың барлығы анықталды. Қазіргі уақытта донорларды қайта тексеру жүріп жатыр. Қосымша ақпарат тексеруден кейін беріледі, – Tengrinews.kz сайтының сұрауы.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы барлық қан алушылардың АИТВ-инфекциясына тексеруден өтуге міндетті екенін атап өтті.

Материал авторы