587

Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды

ҚазАвтоЖол қай өңірлерде жол жабылғанын мәлімдеді.

Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды
Getty Images / Lawrence Sawyer

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

– 2025 жылғы 4 ақпан сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автожолының 383-528 шақырым аралығындағы учаскеде (Қайнар ауылынан Баршатас ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Жолды 5 ақпан сағат 06:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелді.

– 4 ақпан сағат 15:30-де ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығындағы учаскеде (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Жолды 2025 жылғы 4 ақпан сағат 23:00-де ашу жоспарланған.

Материал авторы