Бұрынғы әйелін өлімші етіп ұрып-соқты деп айыпталған атыраулық депутат мәлімдеме жасады

Аиса Махамбет Редактор
04.02.2025, 17:16
590
Бұрынғы әйелін өлімші етіп ұрып-соқты деп айыпталған атыраулық депутат мәлімдеме жасады бейнежазбадан алынған кадр

Мен ешқандай қол көтерген жоқпын дейді мәслихат депутаты Айбар Ерекешов.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда бұрынғы күйеуінен қорлық көрдім деген Нұржамал Тажғалиева құзырлы орган өкілдерінен көмек сұрайды. Айтуынша, облыстық мәслихат депутаты болған күйеуінен он жыл уақытта зорлық-зомбылық көрген. Алайда депутаттың өзі экс-жұбайының сөзін жоққа шығарды. Аталған жайт туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы жеткізді.

Атыраулық келіншек бет-аузы көгеріп, басы жараланған фотоларын желіде жариялады. Айтуынша, экс-күйеуі жиі қол көтеріп, тыныштық бермеген. Талай мәрте полицияға да арыз жазған. 

Алайда Атырау облыстық мәслихат депутаты бұрынғы әйелінің айтқан сөзі шындыққа жанаспайды дейді. Жала жапты деп шағым түсірмек.

“Мен ешқандай қол көтерген жоқпын. Ажырасқанда да қол көтермедім. Оған дейін де солай болды. Фотолар, видеоларды да неге салмайды? Бәрін салсын! Бәрін алып сала салуға болады. Оның барлығы өтірік сөз. Жалған. Алиментке бергенін білген жоқпын. Оны желтоқсанда ғана білдім. Сот орындаушы заңды есептеп шығарды”, – деді Атырау облыстық мәслихат депутаты Айбар Ерекешов.

Ал жәбірленуші құзырлы органға арыз жазып, әділдікке қол жеткізуді көздейді.

“Қазір сенім білдіруші Нұржамал Тәжғалиева құқық қорғау органдарына өзінің бұрынғы күйеуі Ерекешевке қатысты шара қолдану туралы арыз жазды. Арыз мазмұны – денсаулыққа әртүрлі деңгейде зақым келтіру, сонымен қатар сот актісін орындаудан жалтару баптары бар. Сот актісі – ұзақ уақыт төленбеген, төрт кәмелетке толмаған балаға қатысты алимент бойынша 6 миллион теңге көлеміндегі қарыз бар”, – деді адвокат Татьяна Мохначева.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)