404

Тұрсынбек Қабатов соңғы кезде тарап жүрген қауесетті жоққа шығарды

Концертім алдында қараламақ болды дейді әзілкеш.

Тұрсынбек Қабатов соңғы кезде тарап жүрген қауесетті жоққа шығарды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазнетте шоумен Тұрсынбек Қабатов астанадағы массаж салонында полиция рейді кезінде ұсталды деген ақпарат тарады. Бірақ әртістің өзі бұл мәліметті жоққа шығарды.

Instagram-дағы ресми парақшасында жариялаған видеода Қабатов:

«Бұл — өтірік. Мүмкін, біреу концертімнің алдында маған зиян келтірмек болды. Мен Алматыда жүргеніме 15 күн болды», — деді.

Оның айтуынша, ол Алматыда бір апта бойы The Voice Қазақстан жобасын жүргізген, кейін қала күніне арналған бірнеше іс-шарада жұмыс істеген. Бейнежазбаны да дәл солардың бірінен түсірген.

Бұған дейін елордада жезөкшелікпен айналысуға күштеп тартқан 14 адам ұсталғаны хабарланған. Полицейлер «Лазурный квартал», «Дипломат» және «Мисон» тұрғын үй кешендерінен жыныстық қызмет көрсететін орындар тапқан. Дегенмен Қабатовтың аты-жөні ресми хабарламаларда кездеспейді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор