Алматылық дәрігерлер 68 жастағы ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды

17.09.2023, 20:25
470
Алматылық дәрігерлер 68 жастағы ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды gov.kz

Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық ауруханасына ауыр диагнозы бар 68 жастағы ер адам келіп түсті: облитерациялық атеросклероз, жоғарғы сан артериясының окклюзиясы және төртінші дәрежелі  аяқтың ауыр ишемиясы. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Аяқтың ауыр ишемиясы - бұл аяқтың тініне артериялық қанның келуі іс жүзінде тоқтайтын жағдай, бұл гангренаға және аяқтан айырылуға әкелуі мүмкін.

Пациентке аяқты ампутациялау қауіпі төнді, өйткені мұндай диагноз 35% жағдайда ампутациямен, 18% – өліммен аяқталады. Ампутациялау ықтималдығы жоғары болған кезде өлім-жітім 9-21%-ды, ал бес жылдық өмір сүру деңгейі 45%-ды құрайды. Ампутациядан кейін ер адам әдетте тек мүгедектер арбасымен қозғалады.

Алайда, Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық ауруханасында қолжетімді жоғары технологиялық әдістерді қолданудың арқасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) есебінен төленген инновациялық операция жүргізілді.

Бұл операция - перифериялық артериялардың эндоваскулярлық катетерлік атерэктомиясы-жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің заманауи әдісі. Ол рентгендік операциялық бөлмеде жергілікті анестезиямен жасалады және пациенттің емшара кезінде  есінде болуына  мүмкіндік береді.

Есшвра шап аймағындағы немесе білектегі тері арқылы артерияға ішкі қол жеткізуді қамтиды, содан кейін мамандар қалыпты қан айналымын қалпына келтіру үшін өткізгіштер, катетерлер, баллондар және стенттер сияқты құралдарды енгізеді.

"Операция бір сағатқа созылды және сәтті өтті. Бұл жағдайда біз HawkOne көмегімен эндоваскулярлық атерэктомияны қолдандық. Операциядан кейін пациент ауруханада ұзақ уақыт болмай-ақ өте тез қалпына келеді және көптеген жағдайларда араласудан кейінгі келесі күні шығарылуы мүмкін. Жаңа құралдардың пайда болуы белгілі бір емдеу әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.Әр жолы біздің ауруханадағы жабдықтар мен жарақтандыру жақсаруда және біз  "аяқ - қолды ампутациялаудан" ғана емес, сонымен қатар көптеген тамырлы патологиялардан адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын жақсартуға мүмкіндік аламыз", - дейді ОҚКБ тамыр хирургы Сұлтан Ілиев.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды