Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО)

18.04.2025, 12:06
750
Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Ақтауда қас қарайысымен көшелерде шибөрі тектес жыртқыштар кезіп жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда 15-шағынауданның тұрғындары екі күн қатарынан қарсакқа ұқсас жануарлар келіп жүргенін айтып дабыл қағуда.

"Каспий самалы" тұрғын үй кешеніні тұрғындарының айтуынша, екі түн қатарынан №66 үйдің маңында қарсаққа ұқсас жануарлар жүрген. Lada.kz таратқан видеоға қарағанда, жануарлар адамдардан секем алып, жақындамауға тырысады.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі, ECOJER қауымдастығы өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, бұл жануар қарсақ емес, одан ірілеу.

"Бұл жыртқышты шибөрі (шакал) деу қисынсыз, өйткені шибөрі – үркек жануар, адаммен кездеспеуге тырысады. Мұның гибрид – яғни, ит пен шибөрінің буданы болуы әбден мүмкін. Бірінші буындағы төлдің сыртқы келбеті көбіне шакалға ұқсас келеді, бірақ иттің гені олардың адамнан қорқу инстинктін әлсіретіп жіберуі мүмкін" – деп пайымдады сарапшы.

Оның айтуынша, жануарлар азық іздеп даладан келген болуы керек. Олар көбінесе кеміргіштермен қоректенеді.

Түркістанда бұрынғы келінін тойда ұрып тастаған қайын атаға қатысты сот шешімі шықты Астанадағы базарлар тексерілді: Қарақұмықтың бағасын 82%-ға көтергені әшкере болды Иманбекке «Құрмет» ордені берілді Астанадағы 3 жасар қыздың өлімі: анестезиолог соңғы минуттарда не болғанын айтып берді Сәтбаевта дүкенге пышақпен тап берген ер адам ұсталды Оңтайландырылған арнайы салық режимі кімдерге беріледі? Сәбидің 18-20 тісін бірден емдеу: Ұйықтатып қойып, оята алмай қалды Астанадағы сауда орнында жас жігітті әскерге күштеп әкетпек болған (ВИДЕО) Франция Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға жұмсауға қарсы шықты Ақтөбеде үйге халатпен оралған әйелін пышақтаған ер адамға үкім шықты Ресейліктер «Қайрат» — «Олимпиакос» матчына болжам жасады Қарағанды облысында оқушыны отқа ораған жасөспірімге үкім шықты Тоқаев пен Бақытжан Сағынтаев кездесті Банк қызметкерлері онлайн-казино қылмысына қатысы бар боп шықты Ақтөбеде автобус апатынан бес шетел азаматы қаза тапты Қадыров: Украина азаматтық нысандарға шабуыл жасағаны үшін қатаң жазаланды Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі тергеген тергеушінің лауазымы жоғарылады 16 пайыздық ҚҚС қалай есептеледі? Қаржы министрлігі түсіндірді Трамп Зеленскийден «аздап көңілі қалғанын» айтты Енді Қазақстанда су жаңа плацкарттар жолға шығады