Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
18.04.2025, 18:49
848
Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Қайда бара жатқанымызды білмедік дейді куәгер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сот отырысында Шерзат Полаттың қазасы бойынша куәгер Эльмира Нұрбекова жауап берді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Айта кетейік, бұл істе екі куәгер әйел бар. Соның бірі Эльмира Нұрбекова. 

Куәгер сотталушыларды танымайтынын, оқиға болғанға дейін екі күн бұрын танысқанын жеткізді. 

Оларды оқиға болғаннан екі күн бұрын таныстым. Бұл жерде Нұрқияс, Равиль және Абзалды ғана танимын. 3 қазанда күндіз жұмыста болдым. Сосын құрбым Дана қоңырау шалды. Өзара сөйлестік. Кейін маған Равиль жазып, кездесейік, деді. Мен келісіп, “жұмыстан соң кездесе аламын” деп жаздым. Кешке сағат 20:00-де шықтым. Үйге қарай жол тарттым. Равиль хат жазып, “Эйфория” кафесіне кездесуге шақырды. Дана екеуміз кафеге бардық. Онда Нұрқияс, Равиль және екі жігіт күтіп алды. Біз отырдық, биледік, жігіттер өздері дастархан басында отырды. Жігіттердің кіріп, шығып жүргенін көрмедік. Себебі би алаңы басқа жерде болды. Үстелге қайта келдік. Жігіттер де отырды”, – дейді куәгер. 

Эльмира Нұрбекова жанындағы жігіттермен бірге кафеден шығып, көлікпен дүкенге қарай бағыт алғанын айтты. 

“Үстел үстінде құрбым Дана және 4-5 жігіт болды. Даяшы келіп кафе жабылады деді. Сосын біз ақысын төлеп, шығып кеттік. Нұрқияс пен Равиль көлік бар, өзіміз апарып тастаймыз деді. Дүкенге барамыз, сендерді сосын жеткіземіз деп айтты. Біз тіпті қандай дүкенге баратынымызды білмедік. Қара Medcedes-ке міндік. Көлікті Шыңғыс Айдосұлы басқарды. Дүкен жаққа келдік, көлікте отырдық. Мен құрбыма темекі алайық, менікі бітіп қалыпты дедім. Екеуміз көліктен түсіп, дүкенге кірдік. Дүкенде екі жігіт тұрды. Тағы бір ер адам тұрды. “Аға темекі сатасыз ба” деп сұрадым. Ол “шылым сатпаймын, қазір қаруымды шығарамын, атамын” деп айтты. Дүкеннің сыртында тағы қара көлік тұрды. Сонда барып тұрдым. Сатушы дүкенді жабамын деп айтқан кезде, артқы жағымнан біреу есікті тепті”, –дейді куәгер.

Сондай-ақ куәгер бір адам шығып, қару атқанын айтты. 

“Бір кісі шығып, қару атты. Ол қаруды балаларға тақап, екі қадам жасап, тағы оқ атты. Равильді ұстап, төбелеспеңдер дедім. Бәрі тынышталды. Сосын ол жұлқынып шығып кетіп, жанжал болып жатқан жаққа қарай жүгіріп кетті. Дүкен жанында тұрған Mercedes көлігіне барып тұрдым. Сол кезде көмек сұраған әйелдің дауысын естідік. Жол жаққа қарай шықтым. Қарадым, әрі бері жүгіріп жүргендерді көрдім. Қара киген баланы ұстап,  тоқтаңдар деп айттым. Сұр киім киген жігіт ес-түссіз жатты. Сол жерде сасқалақтап не істерімді білмей қалдым. Мені кім ұстап, көлікке отырғызғанын да білмей қалдым”, – дейді Нұрбекова.

Нұрбекова көлікпен белгісіз жаққа қарай бағыт алғанын жеткізді. 

“Көліктің артына мен, Равиль, Нұрқияс және Дана отырды. Әрі қарай қандай әңгіме болғаны есімде жоқ. Осыдан кейін бір жерге тоқтадық. Көлікте отырыңдар, деді. Өздері бірдеңе туралы сөйлесті. Біз көлікте отырдық. Одан кейін қара Jeep келді. Біз сонда отырдық. Онда екі жігіт отырды, бірақ оларды танымадым. Әрі қарай кеттік, мен үйге барамыз деп ойладым. Жолда бір жерге тоқтадық, полиция ұстады”, – дейді куәгер. 

Жантүргішерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді «Маған «сені де өлтіреміз» деп айтты» – Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшімбаева Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған