Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған

Аиса Махамбет Редактор
18.04.2025, 11:33
524
Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Жаңа әкім орынбасарына бұл қылығы үшін тек ескерту жасалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында басшылық Ертіс ауданы әкімінің жаңадан тағайындалған орынбасарына жетім балаға тиесілі пәтерді беру туралы шешімді қабылдаған.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Роза Ақанова 2025 жылдың ақпан айында Ертіс ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол ұзақ уақыт Павлодар облысының білім басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Жаңа лауазымды ескере отырып, ол көшіп, баспана табу керек болды. 

“Халықтың әлеуметтік осал тобына жатпайтын тұлғаларға заңсыз тұрғын үй беру фактілері анықталды. Мәселен Ертіс ауылы, Мүткенов көшесі, 32-үй, 10-пәтер мекенжайы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарын қамтамасыз етуге арналған пәтерде аудан әкімінің орынбасары Роза Қабиболқызы Ақанова тұрады”, – деді прокурор әдеп жөніндегі кеңесте.

Прокуратура бұған дейін де баспананың тиесілі адамдарға берілмегенін анықтады. Сондай-ақ бос тұрған 14 пәтер бар, бірақ белгілі себептермен шенеуніктер оны халықтың әлеуметтік осал топтарына беру бойынша жұмыс жүргізбей жатыр.

Басқарма басшысы әдеп кеңесінде ештеңені жоққа шығарған жоқ. Ол шешімді өз бетінше қабылдағанын айтып, пәтер кілтін аудан әкімінің орынбасарына өзі табыстады.

“Онда жетім балалар жалдау шартымен тұрады. Баспанова деген адам бар. Бірақ оның бұл үйде тұрмағанына бір жылдан асып кеткенін байқаймыз. Сөйтсем, барлық коммуналдық есеп, пәтер ақысы босқа төленіп жатыр екен. Әрі ауданда тұрғын үй болмағандықтан, кілтті уақытша Ақанова Роза Қабиболқызына беруді жөн көрдім”, – деді Ертіс аудандық экономика бөлімінің нақты секторының басшысы Қайролла Елеукенов.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері заңға сәйкес әрекет ету керегін, алайда әкім орынбасарының пәтерде көп тұрмайтынын ескеріп, осыған байланысты лауазымды тұлғаға қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады