13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
18.04.2025, 09:33
3417
13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

69 жастағы мұғалімнің миы шайқалып, ауруханада жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәскеу маңындағы Люберцы қаласында бесінші сынып оқушысы математика пәні мұғалімінің басына балғамен ұрып, орманға қашып кеткен.

Оқиға Мирный кентіндегі №51 мектепте сабақ үстінде болған. 69 жастағы мұғалім сабақ өткізіп жатқан.

Алайда мұғалім тақтаға бұрылған сәтте, 13 жастағы оқушы бірінші партадағы орнынан атып тұрып, сөмкесінен балға алып шығып, мұғалімнің басынан ұрған, сөйтіп өзі сыныптан қашып шыққан.

Шабуылдан кейін оқушы балғаны лақтырып жіберіп, артынша орманға жасырынған. БАҚ мәліметінше, ол өзімен бірге пышақ та алып кеткен.

Полиция оны тапқанда, бала есеңгіреген күйде болған. Кей деректерге қарағанда, құқық қорғау органдары оқушының ауқымды шабуылға дайындалғанын тексеріп жатыр.

Мұғалім бас сүйегінен жарақат алып, миы шайқалған. Қазір ол ауруханада.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды