Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды

Аиса Махамбет Редактор
18.04.2025, 13:31
691
Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды бейнежазбадан алынған кадр

Ол білікті ғалым, ардақты ұстаз еді…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақтың көрнекті ақыны Мұхтар Шахановтың жұбайы, белгілі ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханова қайтыс болды.

1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген Розалинда Шаханова Алматыдағы Қазақ қыздар педагогикалық университетінің (QyzPU) «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жоғары білім алып, кәсіби еңбек жолын мектеп мұғалімі ретінде бастаған. Кейін ғылымға ден қойып, 1990 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

1993 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алып, сол жылы доцент ғылыми атағына ие болды. Оның ғылыми және әдістемелік еңбектері еліміздің білім беру жүйесінде кеңінен қолданылып келеді.

2004 жылы QyzPU оқу орнына оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор қызметіне шақырылып, бұл лауазымды 2008 жылға дейін атқарды. Ол өзіне ғылым жолын ашқан университетпен өмірінің соңына дейін тығыз байланыста болып, жыл сайын мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы ретінде студенттердің білімін бағалауға атсалысты.

Розалинда Шаханова – көптеген ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Ол «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», «Ы. Алтынсарин» медалі, «Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі және QyzPU дамуына қосқан үлесі үшін берілген «Құрмет» медалі сынды марапаттарға ие болған.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)