Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты

18.04.2025, 10:20
583
Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты 24t.ua

Си Цзиньпиннің берген уәдесі жалған боп шықты дейді Зеленский.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина Президенті Владимир Зеленский Қытайды Ресейге артиллерия мен оқ-дәрі жеткізді деп айыптады. Ол Ресейді Украина инфрақұрылымына соққы жасады деп айыптап, АҚШ президенті Дональд Трампты Сумы қаласына жасаған шабуылына қатысты жауап бермеді деп сынады.

Зеленскийдің айтуынша, Украина барлау қызметі Қытайдың Ресейге қару-жарақ, соның ішінде артиллерия мен оқ-дәрі жеткізетінін анықтады.

"Біз Қытайдың Ресейге қару жеткізіп жатқандығы туралы ақпарат алдық. Қазір бізде Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен барлау қызметінен артиллерия мен оқ-дәріге қатысты жалпы ақпарат бар. Менің ойымша, келесі аптада бұл туралы толығырақ айтып береміз. Біз қытайлықтар Ресей аумағында кейбір қару түрлерін өндіруге қатысып жатыр деп санаймыз", – деді Украина президенті.

Зеленский Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпинмен болған әңгіме кезінде оның Ресейге қару сатпайтыны және тасылмалдамайтынын айтып, уәде бергенін еске салды.

"Алайда, өкінішке қарай, біз мүлде басқа нәрсені көріп отырмыз. Қытай мен Ресейдің қорғаныс қабілетін нығайту саласында қалай ынтымақтасып жатқанын дәлелдейтін деректеріміз бар және бұл жағымсыз фактілер", – деді Зеленский.

Зеленский Ресейдің Украинаға жаппай шабуылдарды жалғастырып жатқанын айтты.

"Ресей шабуыл санын азайтқан жоқ, бұл – олардың стратегиясы. Яғни, олар энергетика нысандарына соққыларды азайтты, осылайша өз әрекеттерін жасырып, Украина энергетикасына шабуылдар азайғандай көрсетуге тырысты. Бірақ шын мәнінде, олар күн сайын дрондар мен баллистикалық зымырандарды бұрынғыдай қолданып жатыр", – деді Украина президенті.

Ол Ресейдің энергетика нысандарына жасалатын шабуылдарды азайтып, енді елдің басқа да азаматтық инфрақұрылымдарына соққы жасап жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Зеленский Ресейдің “Украина тарапынан ресейлік энергетикаға шабуыл жасалды” деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

"Біз Ресейдің АҚШ-қа жіберген құжатын көрдік. Лавров жіберіпті. Онда біз олардың энергетикасына шабуыл жасадық деп көрсетілген. Бұл шындыққа жанаспайды, олар онда бір нәрселерді жазып, ойдан шығарып жатыр. Бұл тұрғыдан олар өте "шығармашыл", – деді Зеленский.

Сондай-ақ ол АҚШ президенті Дональд Трампты Ресейдің Сумы қаласына жасаған жаппай соққысына қатаңдық танытпағаны үшін сынға алды. Бұл шабуыл салдарынан ондаған бейбіт тұрғын қаза тауып, жарақат алған еді.

"Дональд Трамптың Украина қалаларына жасалған соңғы ресейлік шабуылдарға деген реакциясын АҚШ әкімшілігінің бұрынғы саясатының жалғасы деп есептеймін. Орыстардың Сумыға жасаған арнайы операциясын қателік деп атауға болмайды. Бұл – кісі өлтіру және бұл соққы Сумы қаласының дәл ортасына бағытталды. "Фронтқа атамыз деп қателесіп кеттік, кешіріңіздер" деген сияқты ертегілер бос әңгіме. Зымырандар қала орталығына түсіп жатқанда, бұл әрекеті еш ақтауға келмейді", – деді Зеленский.

Аталған мәлімдемеден соң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескені айтылды. Бұл туралы Ақорда баспасөзі жеткізді. Президенттер Қазақстан мен Ресейдің көпжақты ынтымақтастығы дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген  уағдаластықтардың орындалу барысын талқылаған. Бұдан бөлек, энергетика саласындағы ықпалдастыққа назар аударылған.

– Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды, – дейді Ақорда.

Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды «Өтірік іш салып алған»: Жұлдыз Әбдікәрімова суррогат ана туралы шындықты айтты «Өмірім оңынан өзгерді»: Танымал әнші Индира Елемес есімін азан шақырып өзгертті (ВИДЕО) Көпбалалы ана Айгүл Иманбаеваға ырымдап бриллиант білезігін сыйға берді (ВИДЕО) Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды