"Өзімді ешкімге керек емес сезіндім": Танымал актриса театрдан рөл берілмеген кезін еске алды

13.03.2024, 10:14
4445
"Өзімді ешкімге керек емес сезіндім": Танымал актриса театрдан рөл берілмеген кезін еске алды caravan.kz

Танымал театр және кино актрисасы Зарина Кармен декреттік демалыстан кейін күйзеліке түскенін айтты.

Актриса кәсіби мансабындағы қиын кезеңнен қалай өткенін "1001" түн бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Мен екінші қызымды босанған кезде декретте кәдімгідей үш жыл отырдым. Ол кезде ковид болды, оның үстіне аналық сезімім күшейді ме екен баламен үйде отыруым керек деп ойладым. Үш жылдан кейін театрға жұмысқа шықтым. Осы жерде мені көптеген қыз-келіншектер түсінеді. Декреттен кейін өзіңді ешкімге керек емес сезінеді екенсің, көштен қалып қойғандай сезім болады. Өзімді бір кәсіби тұрғыдан қарайып қалғандай сезіндім. Ол кезде театрдан да маған рөл берілген жоқ. Жұрттың бәрін жамандап отырсаң, отыра бересің. Оның саған да, басқаға да пайдасы жоқ. Саған өмір берілді, мүмкіндік берілді. Сондықтан барынша өзіңді қолға ал да әрекет жаса. Содан мен магистратураға түстім. Осы жылы тәмәмдап, театр режиссері деген диплом аламын. Менің Асан Мажитов, Еркебұлан Дайыров деген достарым бар. Олар дос болғаннан кейін менің ішкі күйімді сезіп, менің сағым сынып кетпесін деп өздерінің жоспары бойынша ашылған театрда №37 деген спектакльде ойнатты. Мен сол жерде ішімдегінің барлығын шығардым. Бәлкім, мен сол жерде ішімдегін шығармасам, айналаға аяқтан шалды деген сияқты ренішім көп болар ма еді. Ал қазір ешкімге ренішім жоқ", - дейді өнер иесі. 

Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары «Фарида сияқты қыздар ғой»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді «Баха, машинаны жәй айдашы» дедім»: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай қайтыс болғанын айтты «Пися деп жазып қойған»: блогер Дарикорнның дауына қатысты министрлік түсініктеме берді Дене шынықтыру сабағында оқушы қыз саусағынан айырылып қалды Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді (ВИДЕО) Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті Рим Папасы Франциск қайтыс болды «Досымда бомба бар»: Жасөспірімнің әзілінен соң ұшуға шектеу қойылды Шымкенттік оқушы қыз шетелдегі ең үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды Аштық ойындары: Таразда адамдар тортқа таласты (ВИДЕО) Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалаған Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті Бүгін магниттік дауыл болады «Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады