«Баха, машинаны жәй айдашы» дедім»: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай қайтыс болғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
21.04.2025, 16:12
2494
«Баха, машинаны жәй айдашы» дедім»: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай қайтыс болғанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Досым Сүлеев бақилық болған Бақытжан Жұмаділов жайлы естелігімен бөлісті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, композитор Досым Сүлеев Дос-Мұқасан ансамблінің әншісі болған, марқұм Бақытжан Жұмаділов туралы жылы естеліктерін айтты. 

Ол өмірден өткен өнерпазбен ұзақ жылдар дос, әрі серіктес болғанын «Алғашқы» бағдарламасында баяндап берді.

“Қайғылы оқиға Қордай асуында болды. Бақытжан өте экстермал, жанкешті адам еді. Ол оқиғаның өткеніне де – 15 жыл. Жамбыл облысына аң мен балық аулап кеткенбіз. Өзім аңшылықты жақсы көрдім. Кейін Бақыт та қызыға бастады. Наурыз айы болатын. Жер тайғақ еді. Марқұм машина айдағанды қатты жақсы көретін. Жылдамдықты асырып айдайтын.  Оны МАИ қызметкерлері де таниды.

Ешқашан белдік тақпаған.  Келе жатқанда жолдың мұз екенін көріп, “Баха, машинаны жәй айдашы” дедім. Содан кейін көп өтпей, көліктің рөлі кейін қарай айнала бастады. Жолдың қақ ортасында көлденеңнен тұрып қалдық. Кеш батып кеткен уақыт еді. Бізді келе жатқан көлік соқты. Есімді жиғанда машинаның төңкеріліп жатқанын сездім. Бір күннен кейін ауруханада ояндым. Жан-жағымнан досымды сұрастырғанда, “Бақытты Алла алып кетті” деді. “Жан досым” – әні сол қайғылы оқиғадан кейін туған ән”, – деді композитор. 

Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды