Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды
Бұған дейін бір емес, бірнеше рет аукционда өтпей қойған еді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәсімовтен тәркіленген элиталық үй тағы да аукционға қойылды. Бұл жолы ол 283 мың теңгеге арзандаған.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі тәркіленген элиталық қонақүй қайтадан аукционға шығарылды.
Мемлекеттік электронды сауда алаңында жарияланған хабарламаға сәйкес:
"Астана, Нұра ауданы, Қараөткел шағынауданы, Ерейментау көшесі, 1-үй мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй; сауда түрі – бағаны көтеру бойынша аукцион (2025 жылғы 17 қаңтардан бастап); бастапқы баға – 1 600 838 115 теңге; кепілдік жарна – 117 960 000 теңге; саудаға өтінім қабылдау 13 мамыр сағат 09:00-ге дейін; аукцион басталуы – 2025 жылғы 13 мамыр, сағат 11:00", – делінген хабарламада.
Аталған қонақүй ақпан және наурыз айларында да аукционға қойылған, алайда сатып алушы табылмаған. Бұл жолы бастапқы баға төмендетілген – бұған дейінгі бағасы 1 883 338 958 теңге болған. Осылайша, қонақ үйдің бағасы 282 500 843 теңгеге ғана арзандаған.
Материал авторы