1167

«Фарида сияқты қыздар ғой»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді

Оның «достығымызға ешкім кедергісін келтіре алмайды» дегені жұрттың ашуына тиді.

«Фарида сияқты қыздар ғой»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі сазгер Ұлықпан Жолдасовтың әйелі Айған Жолдасова пікір айтамын деп сынның астына қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі дауға ұласып жатқан журналист Асхат Садырбайдың отбасына қатысты өз ойын бөліскен еді. 

«Отбасымызбен сені жақсы білеміз. Болат ұлымызға қол созып біраз көмектескеніңді де ұмытпаймыз. Әке-шешеңді қатты құрметтейміз. Ал қарындасың Бақытжамал неше жылдан бері қызымыздай болып кеткен.  Мықты маман, адами ретінде өте керемет жан. Еш уайымдама, айналаңда толы достарың, сенің қандай екеніңді жан жағың біледі.

Бәрі жақсы болады. Өз басым сені қатты құрметтеймін. Әрқашан ақылыңды айтып, жол сілтеп отырасың. Достығымызға ешкім кедергісін келтіре алмайды. Біз сіздерді құрметтейміз! Дым уайымдама! Кімнің кім екенін уақыт шешеді! Алла жар болсын!», – деп жазды Айған Жолдасова.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, сазгердің әйелін сынның астына алды. 

«Асхат жақсылық жасады екен деп, мақтай беру керек пе?!», «Фарида сияқты Ерке де, Айғаным да қызыңыз емес пе?!», «Өзіңізге жақсылық жасаса болды, басқаларына не істесе де істей берсін бе?!»,– деп жазды көпшілік. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор