Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті

21.04.2025, 13:46
1165
Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті MNU

18-19 сәуірде Maqsut Narikbayev University-де (MNU) Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан студенттерінің басын қосқан ТМД-дағы алғашқы International Legathon MaxUP 2025 бірегей халықаралық іс-шарасы өтті. Заң саласындағы кейс-чемпионаты зерттеу форумымен біріктірілді, онда студенттер жасанды интеллектінің қарқынды дамуы жағдайында құқықтың болашағын моделдеді.

Legathon MaxUP 2025 басты тақырыбы - жасанды интеллект дәуіріндегі этика және құқық. Тоғыз студенттік команда ЖИ-ның адамның негізгі құқықтарына әсер етіп, теңдессіз құқықтық сын-қатерлерді туғызған сценариймен жұмыс істеді. Екі күн бойы олар күрделі кейстерді талдап, нормативтік тәсілдерді әзірледі және цифрлық құқықтың өзекті мәселелері бойынша зерттеу жобаларын қорғады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін азаматтардың жасанды интеллект саласындағы сауатын ашып, біліктілігін арттыру қажет екеніне назар аударды. Сонымен қатар, өткен аптада Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті қазір жаңа технологиялар мен жасанды интеллект бағыттарын дамыту өзекті болып отырғанын атап өтті. ЖИ-дің сың-қатерлерімен байланысты Legathon-ның өзекті тақырыбы Ала-Тоо Халықаралық университеті (Бішкек қ., Қырғызстан), УрГЮУ (Екатеринбург қ., Ресей), «Жоғары экономика мектебі» Ғылыми-зерттеу университеті (Мәскеу қ., Ресей), ТГЮУ (Ташкент қ., Өзбекстан), MNU (Астана қ.), Yessenov University (Ақтау қ.), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, AlmaU, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ (барлығы Алматы қаласынан) студенттерінің қызығушылығын тудырды.

«Біз үшін бірінші Legathon өз өмірін заң үстемдігі мен әділеттілікті орнықтыруға арнаған, білім ордамыздың құрметті ректоры Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай өтіп жатқаны ерекше маңызды. Біз идеялар бірігетін кеңістік құрғымыз келеді, ал студенттер тек қатысушылар емес, жаңа заң шешімдерінің тең авторларына айналады. Бұл Легатон - болашақ құқығы, бүгінде оқулықтарда жоқ сын-қатерлер туралы», - деп атап өтті MNU басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Студенттер денсаулық сақтау саласында ЖИ пайдалану кейсі бойынша шешімдерді және авторлық зерттеулерді ұсынды. Олар дербес ЖИ-жүйелерді жауапкершілікке тарту мен екі мақсаттағы технологияларды реттеуден бастап, сандық кемсітушіліктен қорғау мен жеке тұлғаның сандық көшірмелерін модельдеуге дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтиды. Қатысушылар озық технологиялармен заң жұмысына дайындығын көрсете отырып, батыл тұжырымдамалар мен стандартты емес тәсілдерді ұсынды. Командалардың жұмысын Бас прокуратура, Әділет министрлігі, Жоғарғы Сот өкілдері мен жетекші халықаралық және қазақстандық заң компанияларының серіктестерінен құралған жоғары кәсіби қазылар алқасы бағалады.

«Барлығы жоғары деңгейде, тіпті ұсақ-түйекке дейін ойластырылған. Мысалы, біз тек дауыс бергеннен кейін ғана қатысушылардың қай университеттен келгендерін білдік. Мұндай жарыстар студенттерге нағыз практика мен баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік береді. ЖИ - бүгінгі таңда ең өзекті тақырыптардың бірі. Енді Legathon MaxUP 2026-ны асыға күтеміз», - деді ҚР әділет вице-министрі Даниель Ваисов.

Айта кетейік, сайысты жыл сайын өткізу жоспарланған. Жүлде қоры 1,7 миллион теңгені құрады. Бірінші орынға «Жоғары экономика мектебі» Ғылыми-зерттеу унтверситетінің (Мәскеу қ., Ресей) студенттері ие болды.

«Іс-шараның атмосферасы керемет, ал қатысушылар өте жылы шырайлы болды. Біздің жұмысымыздың жоғары бағаланғанына қуаныштымыз. Бұл шынымен де шабытты тәжірибе болды», - деді «Жоғары экономика мектебі» командасының мүшесі Татьяна Жмурина.

Бірінші халықаралық Legathon MaxUP 2025 құқық пен технология арасындағы диалогты қалыптастырудағы маңызды қадам болды. Сондай-ақ, студенттерге өз білімдерін практикада қолдану мен саланың қазіргі және болашақ мамандарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. MNU цифрлық трансформация жағдайында тиімді жұмыс істей алатын заңгерлердің жаңа буынын дайындауға үлес қоса отырып, осы форматты дамытуды жалғастырады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды