«Пися деп жазып қойған»: блогер Дарикорнның дауына қатысты министрлік түсініктеме берді

Аиса Махамбет Редактор
21.04.2025, 15:35
1090
«Пися деп жазып қойған»: блогер Дарикорнның дауына қатысты министрлік түсініктеме берді жеке мұрағатынан

Әлеуметтік желілерде келіншек танымал блогердің бала құқығын таптағаны жайлы айтып, видеоүндеу таратқан еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жағдайға байланысты Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті блогер Дариға Нұркееваның (DARICORN) түсірген даулы бейнематериалына байланысты өз ұстанымын жариялады.

Видеодағы әйел кәмелетке толмаған баласының құқықтарының бұзылғанын айтып, шағымданады. Бұл материал танымал блогердің парақшасында жарияланған. Жарнамада баланың «Пицца» деген сөзін блогер «Пися» деп жазып қойған. Соның кесірінен бала желіде және мектепде қатарластарының мазағына ұшыраған.

Комитет бұл оқиғаға жедел назар аударып, бірқатар әрекетке көшкен. Комитет төрайымы Насымжан Оспанова баланың анасымен тікелей байланыс орнатып, оған жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Атап айтқанда, психологиялық және заңгерлік көмек ұсынылған. Қажет болған жағдайда, комитет баланың заңды мүдделерін қорғау үшін сот ісіне араласуға дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 145-бабына сәйкес, кез келген адамның, оның ішінде баланың бейнесін рұқсатсыз жариялауға болмайды — тек өзі немесе заңды өкілі келісім берген жағдайда ғана мүмкін. Сонымен қатар, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңға сәйкес, баланың суреті мен бейнесі құпия деректер қатарына жатады және арнайы заңмен қорғалады.

Комитет барлық блогерлер мен медиа контент жасаушыларға балалардың құқықтарын сақтау керектігін және заң талаптарын бұлжытпай орындау қажеттігін ескертеді. Балалар қатысқан видеолар ниет жақсы болғанның өзінде олардың психологиялық жағдайына зиян келтіруі мүмкін әрі құқықтық жауапкершілікке апарып соғуы ықтимал.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр