Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары

21.04.2025, 18:11
432
Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары Азамат интеллектуалды дебат бағдарламасы

Қазақстан — жер қойнауында жатқан қазба байлыққа бай мемлекет. Бірақ бұл байлық елдің игілігіне толық айналып жатыр ма? Хабар арнасындағы «Азамат» интеллектуалды дебат бағдарламасының кезекті шығарылымы дәл осы тақырыпқа арналды: «Тау-кен өндірісін дамытудың тиімді жолдары».

Пікірсайыс алаңына шыққан Алматы технологиялық университеті мен Шәкәрім университетінің дебатерлері бұл күрделі әрі стратегиялық маңызы бар мәселені әр қырынан қозғады.

Алматылық команда Қазақстан тек шикізат экспорттаушы ел ретінде қалмауы керек деген пікірде. Олар өндірісті терең өңдеуге басымдық беріп, шетелдік инвесторлармен біріккен кәсіпорындар ашу арқылы технология мен тәжірибені елге әкелуді ұсынды. «Таза өнім шыққан сайын ресурстың құны да артады, бұл тау-кен саласына қосымша табыс көзі болады», – дейді спикерлер.

Ал Шәкәрім университетінің пікірсайысшылары мәселені заңнамалық тетік арқылы шешу қажет деген ұстанымда. Олар жер қойнауын пайдаланушылар үшін нақты экономикалық көрсеткіштер бекітілуі тиіс деп есептейді. Егер компания талапқа сай жұмыс істемесе — келісімшарт тоқтатылуы керек. Ал тиімді жұмыс істегендерге — қолдау мен ұзартылған мерзім берілуі қажет. Бұдан бөлек, олар шикізатты елімізде өңдеу міндетті болуы керек деген бастаманы алға тартты.

Қазылардың ортақ шешімі бойынша жеңіс Шәкәрім университетіне берілді. Сарапшылар олардың ұсыныстарының құрылымдылығы мен жүйелілігін, сондай-ақ болашаққа бағытталған нақты тетіктер ұсынғанын ерекше атап өтті. Эфир барысында тау-кен өндірісін дамытудың тиімді жолдарына қатысты көптеген тың ұсыныстар айтылды. Жастардың бастамашылдығы, аналитикалық ойлауы мен өзекті мәселелерге нақты шешім ұсынуы – олардың елдің болашағына бей-жай қарамайтынын айқын көрсетті.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды