Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды

20.04.2025, 10:49
577
Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды көрнекі фотосурет / dumskaya.net

Кафені әдейі «Toyota» маркалы көлігімен соғып қиратқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жезқазған қалалық сотында бөтеннің мүлкiн қасақана бүлдірген ер адамға қатысты іс қаралды.

Ұлытау соттарының мәліметінше полиция Қылмыстық кодекстің 202-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сотталушы 2025 жылғы 2 қаңтарда сағат 03:55 шамасында әйелімен жанжалдасып қалған, ол отбасылық дауларға әйелінің Жезқазған қаласы Абай көшесінде орналасқан «B.D.» кафесінде қосымша жұмыс істеуі әрдайым себеп болатынын сылтау етіп, «Toyota» маркалы автокөлігімен сол кафеге барып, оның ғимаратын көлікпен соққан. Салдарынан есік тұсын қиратып, жәбірленушінің мүлкін қасақана бүлдіріп, 988 000 теңге мөлшерінде залал келтірген.

Сот талқылауы барысында сотталушы кінәсін мойындады.

Жезқазған қалалық сотының үкімімен ер адам кінәлі деп танылды, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Жәбірленушінің пайдасына келтірілген материалдық шығын толық өндірілді.Үкім заңды күшіне енді.

«Өтірік іш салып алған»: Жұлдыз Әбдікәрімова суррогат ана туралы шындықты айтты «Өмірім оңынан өзгерді»: Танымал әнші Индира Елемес есімін азан шақырып өзгертті (ВИДЕО) Көпбалалы ана Айгүл Иманбаеваға ырымдап бриллиант білезігін сыйға берді (ВИДЕО) Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды