Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр

13.05.2024, 12:46
1008
Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр КазФосфат компаниясының ресми сайты

Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімдігінің берген мәліметінде «ТОО «Казфосфат» зауытынан шығатын фосфогипстің қалдық мөлшері бүгінде 14 млн-нан асқанын мәлімдеді.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

«КАЗФОСФАТ»  Минералды тыңайтқыштар ТФ-ның фосфогипс қалдықтары Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шайқорық, Танты, Көлқайнар ауылдарына қарасты Қостөбе ауылдарының маңында төгіліп жатыр. Жылдар бойы зауыт әкімшілігіне кіріп өз шағымдарын айтып, ауа мен судың ластанып, жел тұрғанда ауылдың күлге айналатынын айтып наразылықтарын білдіріп келген жергілікті тұрғындарға ешкім мардымды жауап бере алмаған. 
       
Танты, Шайқорық ауылдарының тұрғындарының берген мәліметінде:                          

«Барлық ауылдың тұрғындары болып өтініш те, хат та жинадық, бұл мәселені барлық аудан біледі. Жел болған кезде жиналған фосфор қалдығы ұшып, ауылдарды тұман басып қалады, тіпті, көлітердің беті аппақ фосфогипс қатып, көліктің бетін тазалау мүмкін болмай қалады. Бұған дейінгі зауыт әкімшілігіне кіріп, наразылығымызды білдірген кезімізде сол уақытта басшы болған  М.Ескендіров өз кабинетінен қуып шыққан», - дейді.

Сондай-ақ М.Ескендіровтен сұрағанымыз «Бізге зиян үшін деп берілетін ақшаның қайда кетіп жатыр?» деген сұрақ еді. «Әкімдеріңнен барып сұраңдар», - деп жауап қатты.

Әкімнен сұрағанымызда, бұл сұраққа дұрыс жауап бере алмай, сұрақтан сытылғысы келгенін байқадық. 2024 жылға дейін 50 жасқа жетпей өмірден өтіп жатқан адамдардың саны күрт өсті, жеміс-жидек, көкөністердің өсуіне зиян келтіріп жатыр. Зауыт басшылығы беретін көмек түрі тек жазбаша, қағаз түрінде болып тұр. Біз тек қана зауыт басшылығының брифинг өткізіп, тұрғындарға қандай көмек беріліп жатқандығы жайында мәлімет беріп, жастармен кездесу өткізгенін қалаймыз», - дейді Танты ауылының тұрғындары.

Еске салсақ, «Казфосфат» ЖШС Компаниясы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес 1999 жылы 27 қазанда құрылған. Ал негізгі өндірістік қуаттары Жамбыл облысында шоғырланғандықтан, компанияның операциялық қызметі оның Тараз қаласындағы кеңсесі арқылы басқарылады.

«Компанияның қызметі Қазақстанның химия кіші саласының кәсіпорындарын дамыту бойынша басым міндеттерді шешуге, сапалы бәсекеге қабілетті өніммен әлемдік нарықтарға шығуға, шикізатты қайта өңдеудің жоғары деңгейінің нәтижесі болып табылатын жоғары технологиялық тауарларды жеткізуші ретінде Қазақстан Республикасының имиджін құруға бағытталған»- деп Өндірістік орынның жекеленген сайтында компания жайлы қысқаша мәлімет берген.

Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімдігіне жолданған өтінімнен келген жауапта:

«Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы Тараз қаласының аумағында орналасқан фосфогипс қалдықтарын ауыл шаруашылығына тарту мақсатында 2024 жылға арналған облыс бойынша аудандар бөлінісінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге фосфогипс қалдықтарын енгізі бойынша жоспары әзірленген.

Қазіргі таңда фосфогипс қалдықтарының үшінші үйіндісінің құрылысы Экология департаментінің шешімі бойынша қаладан 20 км қашықтықта  «Казфосфат»  ЖШС-нің  Жамбыл филиалы аумағында жүргізілуде. Аудан әкімдігі мен аудан шаруа қожалықтары «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Қазақстан су шаруашылығы ғылыми зерттеу институтымен үшжақты келісімшарт жасасып, 15 560 тоннасы егістік алқаптарға тыңайтқыш ретінде төгілді – делінген. Алайда әкімдіктен келген жауапта Танты, Шайқорық, Көлқайнар ауылдарының ластануына байланысты ешқандай жауап бермеген.  

Фото: КазФосфат компаниясының ресми сайты

Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының берген хабарламасында: 

«Қазфосфат» ЖШС Минералды тыңайтқыштар зауытында түзілген фосфогипс қалдықтарын кәдеге жарату мәселесі бойынша, Жамбыл облысы әкімдігінің тарапынан келесі ұсыныстар берілген: Тараз қаласынан 50-60 шақырым жерде орналасқан Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарының жерлеріндегі табиғи жыраларға тегін тасымалдауды және де құнарлы қабаттың бетін фосфогипспен жабуды, сондай-ақ, осы аумақта ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін фосфогипсті таратуды ұсынған. Талас ауданындағы «Шолақтау» және Сарысу ауданындағы «Қаратау» кен орындарында жер қойнауын пайдалану кезінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру үшін фосфогипсті қайта пайдалану туралы ұсыныс тастап, Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті тарапынан- фосфогипсті «Жасыл Ел-Тараз» полигонына апаратын жолды толтыру үшін пайдалануға ұсынған," - делінді.

Бұл мәселеге байланысты өз пікірін білдірген эколог маман осы мәселге байланысты:

- Біріншіден, зауыт өзі осы проблеманы шешуге мәжбүр болуы керек. Бірақ оларға осы мәселе керек емес болып тұр. Штрафтарды төлеп жүре береді көп зауыттар. Ешқандай фильтр, ешқандай қалдықтарды дұрыс жинайтын жүйе туралы ойламайды, - дейді.

Авторы: Дина Ғалымжанқызы



 

Ақбота Керімбекова Қытайға барып, 7 айдан бері көрмеген ұлымен қауышты Қоғамдық орында пранк жасаған блогерлер жазасын алмақ «Әйел де жетісіп тұрған жоқ»: Ырысбала Икрамбай актер Шәріп Серікті жақтады Оралдық қыз кездесуге арнайы ұшып келген италианды «лақтырып кеткен» Қырғызстан мешіт салуға шектеу енгізбек Ақтаулық қария тойда қонақтардың телефонын ұрлаған Теміртауда зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін өзгертті «Жүкті болып қалғанда жігітім тастап кетті»: Аида Кауменова некесіз бала туғанын айтты «2 млн теңгеге сөмке аламын»: Маржан Арапбаева брендке қатты қызығатынын айтты «Ұзын етекті көйлектер ұнамайды»: Баян Мақсатқызының жаңа образы қызу талқыға түсті Болашаққа мүмкіндік: «Самұрық-Қазына» 170-тен астам жаңаөзендік жасқа қолдау көрсетті Астана әкімдігі гейлер арасында ВИЧ-тің таралмауына 15 миллион теңге бөлді Қарағандылық бас тергеуші қылмысқа қатысты айғақтарды ұрлаған Алматыда ер адам әйелді темір сойылмен ұрған (ВИДЕО) Астанаға әйгілі Дженнифер Лопес келеді Еліміздің су қоймаларындағы бүгінгі жағдай қалай? «Әже» кітабының тұсауы кесілді «Жаңбыр, найзағай»: 8 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ресей үшін соғысқан қазақстандықтар Украинада тұтқын боп отыр