Қырғызстан мешіт салуға шектеу енгізбек

Аиса Махамбет Редактор
08.04.2025, 16:37
2211
Қырғызстан мешіт салуға шектеу енгізбек freepik.com

Тексеріс кезінде тіркеусіз жұмыс істеп келген 644 діни объект анықталған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанның Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы 2021 жылдан бері ел аумағында бұрын салынған, бірақ ресми түрде тіркелмеген діни нысандарды есепке ала бастады. Соның нәтижесінде тіркеусіз жұмыс істеп келген 644 діни объект анықталды.

2023 жылдың басында елде 200-ден астам жаңа діни нысанның құрылысы жүріп жатқан. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, жергілікті әкімдіктер мен өзін-өзі басқару органдарына осындай құрылысты аяқтауға жәрдем сұраған өтініштер күн сайын түсіп жатыр.

Діни нысандар халықтың нақты қажетін ескере отырып салынып жатқан жоқ. Бір ғана елді мекенде бір-біріне тым жақын орналасқан он шақты діни ғимарат жұмыс істеп тұр, – делінген ресми хабарламада.

Министрлер кабинеті енді діни ғимараттарды жобалау кезінде нақты нормаларды сақтауды ұсынды. Атап айтқанда: Ауылдық елдімекендерде – арақашықтық кемінде 2 шақырым болуы тиіс; Аудандық деңгейде – 3 шақырым; Қалаларда – 4 шақырымнан жақын болмауы керек.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті әйелдерге тұмшаланып киінуге тыйым салу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Бұл елде діни мәселелер мен сыртқы келбетке байланысты тәртіптер күн тәртібінен түспей тұр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды