Жазушы Серік Алданның жаңа кітабы жарыққа шықты

08.04.2025, 09:38
357
Жазушы Серік Алданның жаңа кітабы жарыққа шықты

Шымкентте Астана қаласының тұрғыны Серік Алданның «Әже» атты прозалық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.

Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында өткен жиынға зиялы қауым өкілдері, жергілікті қаламгерлер мен журналистер және кітапқұмар қауым қатысты. Сөз алғандар жүрекжарды тілектерін жаудырды. Ал мәнерлеп оқу шеберлері кітаптан үзінділерді оқыды.

Әдеби-музыкалық кеш үлгісінде өткен кездесудің модераторы журналист, жазушы Фатима Забурақызы, кешті ашып, сөз сөйлеген - Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалының директоры, жазушы Момбек Әбдәкімұлы. Серік Алданның шығармашылығы жайлы баяндама жасаған – филолгия ғылымдарының кандидаты Болат Қалыбеков.

Кітаптың аннотациясында: ««Әже» деректі хикаяты қазақ ортасының бір ғасырлық кезеңін қамтитын жазба. Кейіпкердің әке-шешесінің тұрмыс-тауқыметі және өзінің туғаннан бері осы күнге дейінгі өткен жолы халықтың бастан кешкен сүреңсіз әлеуметтік, қоғамдық-саяси өмірі мен тарих сәттерінен хабар береді. «Алғашқы мұғалім» хикаятында білім алудың, елге қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болған тағылымды тұлғаның өмір-өнегесі баяндалады. Кітапқа повесть және бірнеше әңгіме де енгізілген. Ішінде ауыл, ел өмірінің қатпар-қатпарлы тыныс-тіршілігі мен тосын кейіпкерлерге кезігеміз» деп жазылған.

«Әже» хикаятынан жиырмасыншы, отызыншы, қырқыншы жылдардағы ауылдың өмір-тіршілігі мен дүниетанымын және ауыл қазағына тән қасиеттерді көреміз. Одан кейінгі кезеңнің аралығында қоғам дамып жатқанымен ауыл адамының өмірі жақсылықтарға қолжетімсіз, аса күрделі болғанын байқаймыз. 
Серік Алданның кей шығармаларына тылсым әлем тән. Осы кітапқа енген дүниелерінің кейбірінде әруақ жайлы түсінік пен оқиғалар кездеседі. Ол «Әже» хикаятында айрықша көрініс тапқан. Кітаптағы «Мұсатілләның мекені» повесінде, «Қара қайшы» әңгімесінде де тылсым әлем самсап тұр. Ішіндегі оқиғалар тартымды берілген, қабылдануы да жеңіл. Бұған дейін жарық көрген «Шыназ қызы» кітабындағы прозалық дүниелері де ауыл қазағының болмыс-бітіміне, тылсым әлемге толы.  

Серік Алдан 1962 жылы Келес ауданында туып, 1979  жылы орта мектепті тәмамдады. Мерзімді әскери қызметті Ресейдің Мурманск қаласында өтеп келген соң екі жыл ауыл шаруашылығында және қала құрылысында жұмыс істеді. 1984 жылы Шымкент педагогикалық институты филология факультетінің ұлт мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түсіп, 1989 жылы бітіріп шықты. Мұғалім.

1989-2019 жылдар аралығында мұғалім, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Келес аудандық «Келес таңы» газетінің тілшісі, аудан әкімдігінің бас маманы, заңнамалық бағыттағы екі тілді «Ақиқат-Истина» газетінің тілшісі, республикалық «Замана» тәуелсіз басылымы редакциясының жауапты хатшысы, қалалық «Шымкент келбеті», облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан» газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарды. 2020 жылдан Астана қаласында редакторлық жұмыс атқарып, 2025 жылдың қаңтарында зейнеткерлікке шықты.

Әдеби-көркем әңгіме жазумен айналысады, кейбір туындылары Шымкенттегі және Алматыдағы журналдарда жарық көрді. «Шыназ қызы» және «Әже» атты көркем шығармалар кітаптарының авторы.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәлихатының Грамотасымен, «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл» мерейтойлық меделімен, Қазақстан Президентінің «Алғыс хатымен», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Мадина Нұрлан

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды