Алматыда ер адам әйелді темір сойылмен ұрған (ВИДЕО)

08.04.2025, 10:50
6779
Алматыда ер адам әйелді темір сойылмен ұрған (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Басынан, қолынан ауыр соққылар алған әйелге жақын маңда жұмыс істейтін ер адамдар көмектескен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде алматылық бойжеткеннің анасын сабап кеткен ер адамның лайықты жазасын алуын талап еткен видеосы тарады.

Алматының 24 жастағы тұрғыны Анастасия Борисованың сөзінше, 5 сәуір күні жұмыстан келе жатқан анасын ер адам темір сойылмен ұрып, соққыға жыққан. 

Басынан, қолынан ауыр соққылар алған әйелге жақын маңда жұмыс істейтін ер адамдар көмектескен. Жәбірленуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсеткен. Дегенмен зардап шеккен әйелге жүріп-тұру әлі де қиын көрінеді.

Осы жайттан соң Түрксіб аудандық полиция басқармасы адам денсаулығына қасақана орташа ауыр зиян тигізген адамға қатысты қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. 

Күдіктіні ұстап, жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел шаралар кешені жүріп жатыр. Сонымен қатар оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу басталды, - деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды