«Жүкті болып қалғанда жігітім тастап кетті»: Аида Кауменова некесіз бала туғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
08.04.2025, 13:49
1692
«Жүкті болып қалғанда жігітім тастап кетті»: Аида Кауменова некесіз бала туғанын айтты Kazpravda.kz / Калижан Оспанов

Көп қыздар баланы алдырып, перзентханаға тастап кетті дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал дизайнер, кәсіпкер Аида Кауменова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Сән әлемінің жұлдызы журналист Жанар Байсемізбен сырласты. 

“Ол кезде заман қиын еді. 27 жасымда тұңғышымды дүниеге әкелдім. Некесіз қызымды босандым. Ата-анама оңай тиген жоқ. Бірақ бойыма бала біткенде “Өзім бірден дүниеге әкелемін” деп шештім. Көп қыздар баланы алдырып тастап, перзентханаға қалдырып кетті. Мен ата-анамның махаббатына малынып өстім. Өсектеген де, сөз еткен де адамдар болды. Ол кезде мен Италияда оқып жүрген едім. Аудармашы беларусь қызы жанымда болды. Сол мені дәрігерлерге апарып, көмектесіп жүрді. Елге қайтатын кезде анамның сіңлісіне айтып қойдым. Үйдегілер мен келгенде ішімнің шыққанын көрді. Бірақ қатты ұрысып, айқайлаған емес. Қызымды бәрі жақсы көреді”, – деді дизайнер.

Сондай-ақ қызының әкесі басы бос болса да, үйленуге құлық танытпаған. 

“Қызымның әкесіне рақмет айтамын. Менің өмірімнің өзгеруіне ықпал етті. Сол кісімен бірге өмір сүргенде екі-үш жылдан кейін ажырасып кетуші едім. Біз жүріп жүрген кезде де ол маған үйленуге қатысты әңгіме қозғамаған. Аяғым ауыр екенін білсе де, алған жоқ. Одан кейін екі рет тұрмысқа шықтым. Бұрынғы жұбайларыммен мінезіміз үйлеспеді”, – деді сән әлемінің жұлдызы. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр