Болашаққа мүмкіндік: «Самұрық-Қазына» 170-тен астам жаңаөзендік жасқа қолдау көрсетті

08.04.2025, 11:55
519
Болашаққа мүмкіндік: «Самұрық-Қазына» 170-тен астам жаңаөзендік жасқа қолдау көрсетті Мақсат Шағырбай

77 болашақ маман: Samruk-Kazyna Trust-тың жұмысшы мамандарды дайындау жобасына қосқан үлесі.

Маңғыстау облысындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға білім гранттарын беруге бағытталған «Жарқын болашақ» жобасы табысты жүзеге асырылып келеді. Бастама жастардың білімге ұмтылысы мен кәсіби дамуына қолдау көрсетуде. 2022 жылы бастау алған жобаның аясында 177 оқушы бағдарламаға іріктелді.

2024 жылы 36 студент оқуын аяқтап, оның 30-ы жоғары оқу орындарына түсті. Сонымен бірге 10 өңіріндегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларымен түлектердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу туралы маңызды меморандумға қол қойылған. Бұл әріптестік жастардың әрі қарай мамандық бойынша жұмыс табуына мүмкіндік бермек. Биыл 77 студент оқуын тәмамдайтын болса, қалғандары кәсіптік-техникалық колледждерде білім алуды жалғастыруда.

Жақында Алматы қаласында «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева грант иегерлері және жоба түлектерімен есептік кездесу өткізді. Жиында қатысушылардың жетістіктері, олардың табыстары мен болашақ жоспарлары талқыланды.

«Білім – табыстың негізі. Біз «Жарқын болашақ» жобасы жастарының өзін-өзі дамытуына жол ашып жатқанына қуаныштымыз. Бұл жоба жастардың әлеуетін ашуға, олардың өмірін өзгертуге, болашақта табысты мансап құруына септігін тигізуде. Ең бастысы – біз білім беру үдерісімен ғана шектелмейміз. Біз түлектерге білім алған сәттен бастап жұмысқа орналасуға дейінгі жолда жан-жақты қолдау көрсетеміз», – деді Альфия Адиева.

Жоба Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік беріп қана қоймай, шетелде білім алу жолын да ашуда. Мысалы, қатысушылардың бірі қазіргі таңда Польшадағы Познань техникалық университетінде оқып жатыр. Көптеген түлектер оқу мен жұмысты қатар алып жүруде, бұл алған білімдерінің іс жүзінде құндылығын көрсетеді. Қарағанды теміржол колледжін үздік бітірген Нұрлан Қалыбаев пен Сақтар Беріков бүгінде Шахтер кентіндегі «Қазақстан темір жолы» компаниясының локомотив жөндеу депосында еңбек етуде.

«Жарқын болашақ» жобасы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылық қолдауымен және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуда.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды