SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Елдің орталығында, шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Республика бойынша, жел күшейіп, тұман түседі.
Астанада күн ала бұлтты, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +17,+19°C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +21+23°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с, түнде екпіні 18-23 м/с-ге дейін жетеді.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +24+26°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.