Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін өзгертті

08.04.2025, 14:35
439
Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін өзгертті facebook.com/UkraineTurkmenistan

Виктор Майко енді Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметін атқарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың 7 сәуірі қарсаңында Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстанға елші тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Тиісті құжат Украина басшысының сайтында жарияланды.

"Виктор Анатольевич Майко Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалсын", – делінген жарлықта.
 
 

2020 жылдың желтоқсан айынан бері Виктор Майко Украинаның Түркіменстандағы елшісі қызметін атқарды.

2020 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы қазанға дейін Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевский болды.

Айта кетейік, елші лауазымы екі жыл бойы бос тұрды. 2022 жылдың тамызында әлеуметтік желілерде Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийдің біраз ауыр мәлімдемелер жасаған сұхбаты жарияланды. Бұған ҚР Сыртқы істер министрлігі дипломатқа наразылық білдіру арқылы жауап берді. 18 қазанда Владимир Зеленский Петр Врублевскийді Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшісі қызметінен алып тастады.

Түркістанда бұрынғы келінін тойда ұрып тастаған қайын атаға қатысты сот шешімі шықты Астанадағы базарлар тексерілді: Қарақұмықтың бағасын 82%-ға көтергені әшкере болды Иманбекке «Құрмет» ордені берілді Астанадағы 3 жасар қыздың өлімі: анестезиолог соңғы минуттарда не болғанын айтып берді Сәтбаевта дүкенге пышақпен тап берген ер адам ұсталды Оңтайландырылған арнайы салық режимі кімдерге беріледі? Сәбидің 18-20 тісін бірден емдеу: Ұйықтатып қойып, оята алмай қалды Астанадағы сауда орнында жас жігітті әскерге күштеп әкетпек болған (ВИДЕО) Франция Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға жұмсауға қарсы шықты Ақтөбеде үйге халатпен оралған әйелін пышақтаған ер адамға үкім шықты Ресейліктер «Қайрат» — «Олимпиакос» матчына болжам жасады Қарағанды облысында оқушыны отқа ораған жасөспірімге үкім шықты Тоқаев пен Бақытжан Сағынтаев кездесті Банк қызметкерлері онлайн-казино қылмысына қатысы бар боп шықты Ақтөбеде автобус апатынан бес шетел азаматы қаза тапты Қадыров: Украина азаматтық нысандарға шабуыл жасағаны үшін қатаң жазаланды Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі тергеген тергеушінің лауазымы жоғарылады 16 пайыздық ҚҚС қалай есептеледі? Қаржы министрлігі түсіндірді Трамп Зеленскийден «аздап көңілі қалғанын» айтты Енді Қазақстанда су жаңа плацкарттар жолға шығады