592

Астана әкімдігі гейлер арасында ВИЧ-тің таралмауына 15 миллион теңге бөлді

2025 жылы гейлер арасында ВИЧ таралмауы үшін 15 миллион 500 мың қаражат бөлінді дейді меңгеруші.

Астана әкімдігі гейлер арасында ВИЧ-тің таралмауына 15 миллион теңге бөлді
iStock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана әкімдігі гейлер арасында ВИЧ инфекциясы таралмауы үшін 15 миллион теңге бөлді. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметі жеткізді. 

15 миллион теңге қауіпті аурудың алдын алуға бағытталған іс-шараларға жұмсалмақ. Яғни, бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсуге әуес ерлерге иммун тапшылығы вирусы мен өзге де инфекциялар жайлы ақпарат беріледі. Медициналық көмек ұсынылады. Сондай-ақ оларға шұғыл-тестілеуден өтуге мүмкіндік беріледі. 

“Биыл, яғни 2025 жылы гейлер арасында ВИЧ таралмауы үшін 15 миллион 500 мың қаражат бөлінді. Бұл қаражат негізінен аутрич қызметкерлердің жалақысы”, – дейді Астана қаласы аитв-инфекциясын алдын-алу бөлімінің меңгерушісі Ұлықбек Сәулебаев.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор