Мегаполис көшелерінің жағдайы мәз емес

15.05.2024, 14:17
413
Мегаполис көшелерінің жағдайы мәз емес Алина Еркінбек

Елімізде жол сапасы мәселесі әр кез қоғам аузында жүретін тақырып.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бұл жолы үштік мегаполистің бірі саналатын Шымкент қаласының жол сапасы сынға алынып отыр. Жаңа келген әкім қала ішіне жөндеу жұмыстарын жасап жатқанымен, қозғалыс көп болатын көлік жолдары әлі күнге дейін нашар жағдайға ие.

Осы жолы назарға көпшілік жиі жүретін Әл-Фараби мен Юсупов көшелерінің жолы ілікті. Көшелер қиылысы тар, автобус пен көліктерге жүру ыңғайсыз, ал жер үйлердің бойы қоқыс пен шұңқырларға толы. Тұрғындар көше жолдарының сапасыздығына ғана емес, сонымен қоса қарапайым жарықтың жоқтығына, қоқыстардың шашылып жататындығына, көлік қозғалысының қиындығы мен қауіптілігіне разы емес. Халық бұндай жағдайда өмір сүруде өздерінің де, балаларының да қауіпсіздігіне алаңдайды.

«Осы көшеде тұрып жатқаныма 10 жылдам астам уақыт болды. Көше тар болған соң жиі қауіпті жол апаттары орын алады. Адам қағу секілді оқиғаларда болады», - деген пікір білдірді көше тұрғыны Жайлыбеков Әділет. Көше көлік қатынасына ыңғайсыз.

Салдарынан жол апаттары, адам өміріне қауіп төнетін (адам қағу, соғып кету) жағдайлардың орын алу ықтималдығы жиі болып тұрады.  

Фото: Алина Еркінбек

Әл-Фараби көшесі - Самал 3 ауданындағы ірі әрі маңызды көшелердің бірі. Қоғамдық көліктердің біршамасы осы көше бойымен өтіп, түрлі бағытқа қарай жүреді. 72, 9, 18, 19, 69 сынды автобустар бұл жолмен күнделікті қатынайды. Ал Сағынбек Юсупов көшесі Әл-Фараби көшесімен қиылыса, ауданның ішкі бөлігін жалғайды. Дәл осы көшемен 9, 133, 52, 54 қоғамдық көліктері күн сайын ары-бері жүреді. Тек тұрғындар ғана емес, автобус жүргізушілері де көше сапасыздығына наразы. Асфальттің жиі опырылып түсіп қалатыны, жол бойында шұрық тесік шұңқырлардың болуы көлік қатынасын қиындатып, жұмысқа кедергі келтіреді.

«Юсупов көшесінің бойында ойықтың көптігі жұмысыма 100 пайыз әсер етеді. Реті келсе бұл көшемен жүргім келмейді. Автобустың саймандарына залал келіп, таусылып бітетін болды», - деп жан айқайын айтты автобус жүргізушісі Баубек Әуелбек. 

Тұрғындар жолға жасалатын жөндеу жұмыстарының сапасы тіпті бірнеше күнге жетпейтінін айтады. Көше жолдарындағы ойықтарды келіп жамап кеткенімен, жаңбыр жауа қалса су шайып кетеді. Сонымен қатар кешке қауіпсіздік үшін қойылатын көше жарықтары да жанбайтын тәрізді. Жарықтан бөлек бұндай қозғалыс көп көшеде бейнекамерада дұрыс істемейтін сынды.

«Сағынбек Юсупов көшесінде тұрып жатқаныма төрт жарым жыл болды, биыл бесінші жылға аяқ басып жатырмыз. Көшеде ойық жерлер көп, шамалы жауын жауса болды су есігіміздің алдына келеді. Жолды келіп жөндейді, бірақ сапасы өте нашар кішкене жаңбыр жауса шайып кетеді. Кешке көбінесе жарық жанбайды. Балалардың сақтығы үшін видеокамералар қою керек»,  -  дейді тағы бір тұрғын Төбелбаева Айгерім өз алаңдауын білдіріп.

Көлік жолы ойыққа толы болса, жаяу жүргіншілер жолы аяқсыз қалған. Адамдарға арналған жол бойы тас пен топырақ төсеулі күйі қалып, соңына дейін салынбаған. Ал кейбір  тұстарына жауын суы толып қалған. Адамдарға көшеде бұл жолмен жүру ыңғайсыздық әкеледі.

Фото: Алина Еркінбек

«11 жыл бойы осы көшеде тұрамын. Жақын арада 10 күн бұрын жолға жөндеу жұмысын жасады, жай жамап кетті. Бірақ сапасы жоқ, 0 десекте болады. Тіпті жылға жетпейді», - дейді тұрғын  Мақсат Кененбаев.

Көше қиылысының тар болуы ұзын (автобус сынды) көліктердің бұрылуына жайсыз. Бағдаршам алдында ақ сызықтың (стоп-линия) болмауынан көліктер дәл алдыға келіп тоқтайды. Салдарынан Әл-Фараби бойынан Сағынбек Юсупов бойына түсу қиындық тудыртып, кептелістің пайда болуына әкеледі. Юсупов көшесіне екі көлік тұрмақ, бір автобус көліктері әрең жүреді. Қоғамдық көліктерге аялдамаға да тоқтау ыңғайсыз.

Аялдамалардың кейбіреуінің тозығы жетіп, майысып қалған. Тұрғын үйлердің қасы мен аялдамаларда қоқыстар толып жатады. Қоқыстардың шашылып жатуы көше тазалығының нашар екендігін және экологияға деген салғырт көзқарасты білдіреді. Кейбір жерлерде қазылған шұңқыр беттері ашық тұр. Ал ондай ашық жер ойындылары даладағы ойын баласы үшін қауіпті. Тар көшеде тек көлік қатынасы ғана емес, адам қозғалыс жолдарының да қолайсыз, қауіпті екенін аңғарамыз.

Фото: Алина Еркінбек

Қалалық әкімшілікке осы мәселелер бойынша өтініш жазып, жауап беруін өтінген едік. Жауапты органның жауабынша ресми хатта: 

«Абай ауданы, Самал-3 шағын ауданы, Юсупов көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы қаралды. Қазіргі таңда аталған нысан бойынша мердігер анықталып күрделі жөндеу жұмыстары басталуда, нысандағы күрделі жөндеу жұмыстарын 2025 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар өтінішіңізде көрсетілген, Юсупов көшесіне 2013-2014 жылдары орташа жөндеу жұмыстары аясында асфальт жабындысы төселгендіген және мердігердің пайда болған ақауларға нысанды пайдалануға берілген күннен бастап 36 ай кепілдік мерзім аясында кемшіліктері жою бойынша міндеттемелер келісім-шарт бойынша қаралып және Әл-Фараби көшесінің құрылысы 2013-2015 жылдары атқарылғандығын, құрылыс жұмыстарын атқарған мекеме тарапынан 60 айға кепілдік мерзім аясында кемшіліктері жою бойынша міндеттемелер алғандығын назарыңызға жеткіземін», - делінген.  

Басшылық бұл көшелердің құрылысы мен жөндеу жұмысы жоспарда барын, жақын арада мәселелерді реттеу қаралып отырғанын айтады. Бізде өз кезегімізде бұл жағдайдың реттелуін бақылаймыз. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, көше жолдарына жөндеу жұмыстары басталып кеткен. 

Жыл сайын бюджеттен жолға қыруар ақша бөлінеді. Алайда  жұмсалған сома қомақты болса да, сапа жағы әр кез әлсіреп тұрады. Жоғарыда көрсетілген тұрғындардың наразылығын ескеретін болсақ, жол мәселесі іс жүзінде басты назарға алынып, ушығып кетпей тұрғанда шешілуі керек. Себебі жолдың сапасы тікелей адам өміріне әсер етеді.  

Автор: Алина Еркінбек 

Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды