«Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады

Азиз Қалижан Редактор
21.05.2025, 16:49
282
«Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады бейнежазбадан

«Мен шалмын ғой деп жауап берді» дейді айыпталушы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысында айыпталушы Дидар Қалиахметтен жауап алынды.

Айыпталушы Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтан және отбасынан кешірім сұрады.

"Біріншіден, Қаржаубай ағадан, отбасынан кешірім сұраймын. Қаза қайырлы болсын. Сондай жағдай болып қалды", - деп сөзін бастады сотталушы Дидар Қалиахмет.

Содан кейін айыпталушы оқиға болған күні қайда болғанын, не істегенін айтып берді.

"2024 жылы қазанның 3-інен 4-іне қараған күні, кеш болып қалған уақытта ағам қоңырау шалды. Сонымен мені Әбдіқадыр Санат үйден алып кетті. Сосын біз монша іздедік. Мен интернеттен Шота Руставели көшесі жақтан бір монша таптым. Соған келістік. Сағат 22:00-де босайды деді. Моншаға кірдік. Екі сағатқа алдық. Түнгі 00:00 болып қалғанда ініміз Дәулет Мұратов бізді алып кетуге келді.

Біз монша уақытын тағы жарты сағатқа ұзарттық. Ініміз келді, ол да бізбен отырды. 00:30 шамасында біз Санатқа тиесілі қызыл Elantra көлігіне отырып, шықтық. Шота Руставели көшесімен түсіп, Менделеев көшесіне жетпей оң жақта "Қамажай дүкенінің" алдына келіп тоқтадық. Сол кезде дүкеннің алдында 8-9 бала тұрды. Мен бірінші түстім, амандасты балалар. Өздері қолдарын созып. Мен әрі қарай өтіп бара жатыр едім, ағам Әбдіқадыр Санатты марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев ұстап қалды.

"Төбелеске келдіңдер ме?", - деді Нұрқанат. Санат: "Мен шалмын ғой", - деп жауап берді", - дейді сотталушы Дидар Қалиахмет.

Сотталушының айтуынша, сол арада екеуі бір-бірінің жасын сұрасқан. Кейін дүкеннің ішіне кіріп, сыра сатып алмақшы болған.

"Дүкеннің ішінде ешкім жоқ екен. Мен тоңазытқыштан 2 шөлмек сыра алдым да кассаға әкеп қойдым. Кассадағы адамды шақырайын деп шығып келе жатыр едім, алдымнан таныс емес екі қыз кірді. Артынан Азамат деген жігіт кірді. Азаматпен амандастым. Есікті ашып, сырттағылардан кассада кім тұрғанын сұрап ем, Қаржаубай аға кірді. Кассаға келді. Оған Әбдіқадыр Санат ақша берді. Сосын далада шу болып кетті. Бейәдеп сөз айтылды. Сонымен Қаржаубай аға сыра сатпайтынын айтып, бізді далаға шығарып жіберді", - деді Қалиахмет.

Кейін Дидар Қалиахметтің айтуынша, дүкеннен шыға бергенде Қаржаубай Нұрымовтың қолынан жүзі ұзын пышақ көрген.

"Өзімді қорғау мақсатында Қаржаубай ағаның қолынан ұстадым. Қасымда балалар тұрды. Олар да айтып жатты Қаржаубай ағаға. Ол кісінің пышақ ұстап тұрған оң қолының білезігінен ұстадым, ол кісі қолын көтерді, мен де көтердім. Сол кезде менің капюшонымнан Шыңғыс деген бала тартты", - дейді ол.

Азамат Тоқтаубаев Дидар Қалиахметті Шыңғыс Белғожаевқа дүкенге келген бала деп таныстырған. Сол уақытта Дидар Қалиахметтің туысқан інісі Дәулет Мұратов көлікке отырған.

"Өйткені артымызда Mercedes көлігі тұр екен. Санат екеуі көлікті шығарып жатты. Мен көлікке отырар кезде Нұрқиясты көріп қалдым. Нұрқиясқа амандасып, көлікке отырып жүріп кеттім. Жүргеннен кейін атылған дауысты естідік. Көлікті тоқтатып, Санат пен Дәулетке барып көріп келейін дедім. Барсам Шота Руставели көшесінде балалар төбелесіп жатыр екен. 3-4 метр жүріп, көріп, "бала-шағам бар ғой, нем бар бұл жерде" деп, артқа бұрылып қайтадан көлікке отырып, Санаттың үйіне бардық.

Артынан жұбайым келіп, мені, інімді әйелімен, төртеуімізді алып кетті. Үйге қайттық", - деп баяндады сотталушы Дидар Қалиахмет болған оқиғаның нұсқасын.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды