Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды

22.05.2025, 10:50
839
Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды бейнежазбадан

Нұрқиястың қолындағы мылтықпен Шерзатты ұрып жатты дейді Қаржаубай.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі тыңдалымда сот материалдарын зерделеу жұмыстары жалғасты.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы тергеу кезінде анықталған деректерді жария етті. Сондай-ақ сот отырысында куәгер Дана Жақсыкелді тергеу кезінде берген бейнежазба арқылы тыңдалды.

Куәгердің айтуынша, төбелес дүкеннің алдында басталған және оқиға болған жерде мылтықтан басқа суық қару көрмегенін айтты. Алайда «777» дүкенінің алдында Абзал Шынасылдың қолында пышақ болғанын растады.

– Абзал маған «қолыма диззи» құйып жіберші» деді. Сол сәтте оның қолынан үшкір пышақты байқадым, – деді куәгер Дана.

Сотта жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың бейнежазбасы да көрсетілді. Онда Нұрымов айыпталушы Нұрқиястың қолында мылтық болғанын, ол мылтықпен Шерзат Полатты ұрып жатқанын көргенін мәлімдеді. Сонымен қатар Нұрболдың қолында да пышақ болғанын айтып, кейін өзі де пышақ алғанын жеткізді. Оның айтуынша, дүкен ішінде басқа пышақ болмаған.

Бейнежазбада Нұрымовтың қолындағы пышақ нақты көрсетілген. Сараптама қорытындысына сәйкес, пышақтың жалпы ұзындығы – 30 см, ені – 20 см.

– Нұрбол пышақ алып шыққан соң, мен де қолыма пышақ алдым. Бірақ бұл сәт бейнежазбаға түсіп қалмады, – деді Қаржаубай Нұрымов.

Дегенмен, көрсетілім кезінде сотталушылардың бірі Нұрымовтың қолындағы пышақтың дәл сол пышақ емес, сары түсті болғанын атап өтті.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды