932

Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді

Адвокаттар Шерзаттың суретін айыпталушыға көрсетті.

Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 21 мамыр күні Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысында Шерзат Болаттың мәйтінің суреті көрсетілді.

Аталған іс бойынша басты күдікті – Абзал Шынасылдан жауап алынды. Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев сотталушыға Шерзат Болаттың денесіндегі жарақаттар жайлы сұрақ қойды.

Сот барысында марқұмның анасы Гүлбара Бишембиева баласының беті мен денесінде жарақаттар болғанын айтты. Осыған байланысты адвокат:

– Бұл жарақаттар туралы не айта аласыз? – деп сұрады.

Абзал Шынасыл бұл сұраққа қысқаша жауап беріп:

– Білмеймін. Мен Шерзатқа қол көтерген жоқпын, – деді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор