Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО)

22.05.2025, 12:08
1712
Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО) бейнежазбадан

Айғақ ретінде аудиожазба мен дрон видеосы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, америкалық CNN телеарнасы Украина барлау қызметі берген аудиожазба мен дрон арқылы түсірілген видеоны жариялады. Украина тарапы бұл материалдарды ресейлік әскери командованиенің халықаралық құқықты өрескел бұзып, тұтқынға түскен украин жауынгерлерін қасақана өлтіру туралы бұйрық бергенінің қосымша айғағы деп отыр.

Не бар аудиожазбада?
Жазбада Ресей Қарулы Күштерінің белгісіз офицері өз қарамағындағы "Арта" және "Белый" деген әскери лақап атпен танылған сарбаздарға украин әскери бөлімінің тек командирін тұтқынға алуды, ал қалған сарбаздарды атып тастауды бірнеше рет бұйырып жатыр. Украина барлауының дерегінше, бұл радиосөйлесім 2024 жылдың қараша айындағы белгісіз күндердің бірінде, Запорожье облысындағы Новодаровка ауылы маңында тіркелген. Уақыт аралығы – 12:05 пен 12:31 арасы.

Дронмен түсірілген видео не көрсетеді?
CNN жариялаған видеода алты адам – болжам бойынша украин әскері – жерде етпетінен жатыр. Кейін олардың кемінде екеуі жақыннан атып өлтіріледі. Ал бір адам – командир болуы мүмкін – тұтқынға алынып, әкетіледі. Видеодағы әрекеттер радиожазбада берілген бұйрықтармен сәйкес келеді.

Бұл қылмысты кім жасады?
Украинаның Қауіпсіздік қызметі (СБУ) мұндай әрекеттерге Ресей Қарулы күштерінің 5-армиясына қарасты 127-дивизияның 394-ші мотоатқыштар полкінің шабуылдаушы бөлімшесі жауапты деген мәлімет келтірді. Бұл әскери бөлім бұған дейін де украин тұтқынының басын шапқан оқиғаға қатысы бар болуы мүмкін деп күдіктелуде. Сол үшін кейбір ресейлік командирлерге сырттай айып тағылған.

Жазбаның түпнұсқалығы қаншалықты дәлелденген?
CNN журналистері бұл жазбалардың түпнұсқалығын тәуелсіз түрде нақтылай алмағанымен, Монтана штаты университетінің профессор-криминалисі Роберт Махер дыбыстық файлдардың монтаждалмағанын және шынайы екенін растады. Сонымен қатар, Батыс елдерінің барлау қызметі өкілдерінің бірі де бұл материалдарды шынайы, сенімді және бұрын тіркелген әскери қылмыстармен үндес деп бағалаған.

"Бұл жазбадан сарбаздың тұтқынға түскен украин солдаттарды атып өлтіру туралы бұйрық алғаны айқын байқалады. Мұндай фактілер басқа да дәлелдермен сәйкесіп жатыр – ресейлік қолбасшылықтың тұтқынға түскен украин жауынгерлерін жою туралы нұсқауы бар", – деді барлау сарапшысы.

Бұл деректер халықаралық құқықтың тағы бір өрескел бұзылғанын көрсетеді және әскери қылмыстар бойынша тергеу жүргізіліп жатқанына қосымша дәлел ретінде қарастырылуда.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды