«Туғанымдай бағып едім»: 29 жастағы жігіт өгей анасы мен оның немересін өртеп жібермек болған

Азиз Қалижан Редактор
22.05.2025, 14:04
969
«Туғанымдай бағып едім»: 29 жастағы жігіт өгей анасы мен оның немересін өртеп жібермек болған nsk.kp.ru

Кейуана немересі екеуінің үстіне өгей баласы бензин құйып жатқанда оянып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Новосібір облысының Купино қаласында 29 жастағы жігіт өгей анасын және оның кішкентай немересін тірідей өртемек болды. Оқиға 15 мамыр күні таңғы сағат 6 шамасында Мичурин көшесіндегі үйде болған. Абырой болғанда, 65 жастағы Юлия Васильевна мен 5 жастағы немересі үйден шығып үлгерген.

«Немереммен бірге ұйықтап жатқанмын. Таңғы 5:30 шамасында біртүрлі өткір иістен оянып кеттім. Жамылғыны алып тастасам, аяғымнан май секілді сұйықтық ағып жатқанын сездім. Көзімді ашсам — үстімде Николай тұр, қолындағы бөтелкемен баланың үстіне бензин құйып жатыр. Атып тұрып, немеремді қолыма алдым да, дәлізге жүгірдік. Еден бензинге малынған, тайып құладық, қайта тұрып, сыртқа қашып шықтық. Артымыздан қарасам — Николай есікте тұрып, шырпы жағып, дәлізге лақтырып жіберді. Сол сәтте үй лап етіп жанып кетті», — дейді зейнеткер КП-Новосибирск тілшісіне.

Шошып кеткен зейнеткердің айқайын естіп, көрші үйдегі өз ұлдары жүгіріп шыққан. Олар баланы алып кеткен, ал Юлия Васильевна көршілерді оятып, өрт сөндірушілерді шақыруға жүгірген. Бірақ Николай оны қуа жөнеліпті.

«Қақпаның қасында мені қуып жетіп, екі рет ұрды. Құлап қалдым, көз алдым қарауытып кетті. Үстіме еңкейіп тұрып: “Кешке келем, барлығыңды өртеп кетем”, — деді де, қаша жөнелді», — дейді зейнеткер.

Өрт сөндірушілер келгенше үй толығымен жанып кеткен, шатыры опырылып түскен. Сол күні полиция күдіктіні ұстаған. Ол — Юлия Васильевнаның өгей ұлы Николай Овчинников болып шықты.

Николай бала кезінде жетім қалған, сол кезде Юлия Васильевна оны өз ұлдарымен тең көріп, бауырына басқан. Бірақ ресми түрде қамқоршылық рәсімделмеген. Николай жас кезінен тәртіп бұзып, қылмысқа барғыш болған. Соған қарамастан, өгей анасы әрдайым көмектесіп отырған: тұратын үй тауып беріп, отын-суын жеткізіп отырған, тіпті өз бетімен пәтер алуына жәрдемдескен.

«14 мамыр күні кешке келді де: “Маманя, сәлем! Ұлың қайда?” — деп сұрады. Ұлдарыммен бірге ағасы бензин алуға кеткен. Николай бөтелкеге бензин құйып, өз үйінде қалдырған. Таңертең тұрып, бізді өртемек болған. Үйдің есігінен бастап бензин шашып шыққан секілді», — деп түсіндіреді Юлия Васильевна.

Қазір жергілікті еріктілер «Добрый ящик» тобы арқылы өртенген үй иелеріне көмек жинап жатыр. Байланыс деректері КП-Новосибирск редакциясында.

Тергеу комитеті 394-бап бойынша (екі немесе одан да көп адамды, оның ішінде кішкентай баланы өлтіруге оқталу) іс қозғады. Күдікті Николай екі айға қамауға алынды.

«Мен оған не істедім? Неге ол осылай қайтарды? Ұлдарыммен ұрысып қалса, неге солардың үйіне бармады? Бұл адам емес!» — дейді көз жасына ерік берген Юлия Васильевна. — «Барлығы жанып кетті: киім-кешек, құжаттар, телефондар. Тек бір ғана икона оттан аман қалды. Көмек қолын созамын деген жандар болса, бізге жәрдем беріңіздер…»

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды