SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұм Ақнәрдің соңғы сәтте айтқан сөздері жазылған видео тарады.
Ақнәрдің анасы сол күнгі оқиғаның жай-жапсарын баяндап, қызы көрші блоктағы құрбыларына Қытайдан әкелген іш киімді көрсету үшін барғанын айтқан. Анасының сөзінше, дәл осы кезде екі құрбысы – қызғаныш не өзге бір теріс ниетпен – Ақнәрге қорлық көрсете бастаған. Бұл оқиға әлеуметтік желіде кеңінен таралған тағы бір бейнематериалда айқын көрінеді.
Видеода қыздар Ақнәрді азаптап жатқан сәт бейнеленген, алайда бір мезетте олар белгісіз себеппен марқұмды жұбатуға тырысқандай әрекет етеді. Осы сәтте Ақнәр бірнеше рет «уа ассаляму алейкум рахматуллах» және «Аллахым, мені сақтасын» деген сөздерді қайталап айтқан. Бұл жантүршігерлік оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, көпшіліктің жүрегін ауыртты.
Бұған дейін Алматыда азаптан қайтыс болған қыздың анасы әділдік сұрап жүргені туралы жазған едік. Анасының айтуынша, сол түні Ақнәр екі қызбен бірге болғанын, олардың — Қытай азаматтары екенін айтқан еді.