Қатерлі ісікке шалдыққан Джо Байденнің 1 жыл ғана өмірі қалған

22.05.2025, 12:57
137
Қатерлі ісікке шалдыққан Джо Байденнің 1 жыл ғана өмірі қалған REUTERS

Бұрынғы АҚШ президентінен қатерлі ісік табылған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Конгресінің республикалық өкілі, сондай-ақ Ақ үйдің бұрынғы дәрігері Ронни Джексон Джо Байденге қуық безінің қатерлі әрі агрессивті түрі анықталғанын, ол осы сырқатпен шамамен 12-18 ай ғана өмір сүруі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол The Washington Free Beacon басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

Ронни Джексонның айтуынша, ол урология саласының маманы емес, алайда бірнеше тәжірибелі урологпен кеңескен. Олардың ортақ пікірі:

"Мен уролог емеспін, бірақ бұл бағыттағы бірнеше маманмен сөйлестім. Олар Байденнің қазіргі жағдайында болжам шамамен 12–18 ай аралығында болады деп санайды".

Соған қарамастан, Джексон бұрынғы президент Байденнің бұл мерзімнен ұзақ өмір сүретініне үміт білдірді. Ол қуық безі обырының басқа кейбір онкологиялық аурулармен салыстырғанда салыстырмалы түрде жеңіл өтуі мүмкін екенін айтты – мысалы, шаштың түсуі немесе қатты арықтау сияқты жанама әсерлері сирек байқалады.

Ронни Джексон Байденнің жеке дәрігері Кевин О'Коннорды да сынға алды. Оның пікірінше, О'Коннор Байденнің денсаулығына байланысты қоғамды адастырған немесе өз жұмысын дұрыс атқармаған:

"Егер бұл диагноз жаңа ғана қойылса, онда доктор О'Коннор не бұл ақпаратты әдейі жасырып қалды, не сырқатты мүлде байқамады. Екі жағдайда да бұл — кәсіби тұрғыда ауыр қателік".

Айта кетейік, Кевин О'Коннор Байденнің көптен бергі жеке дәрігері әрі отбасының жақын досы саналады. Бұған дейін ол Джо Байденде қуық безі обырының белгілері жоқ екенін айтқан.

Ресми емес дерек бойынша, 82 жастағы Байденге қуық безінің агрессивті, метастаз берген түрі диагноз ретінде қойылған. Метастаздар сүйек тініне жайылғаны да хабарланған. Алайда, ісік гормондарға тәуелді болғандықтан, таргеттік (нүктелі) терапия жүргізу мүмкіндігі бар — бұл тиімді ем нәтижесіне үміт арттырады.

Бұл ақпарат тарағаннан кейін Байденнің бұрынғы саяси қарсыласы Дональд Трамп пен қазіргі вице-президент Камала Харрис оған қолдау сөздерін білдірді. Ал Байденнің отбасы әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады «Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті Сыныптасына қателесіп қоңырау шалғаны үшін полицей фельдшерді өлтірген 68 жастағы әйел күйеуін арақ ішкені үшін пышақтап өлтірген «Я, Аллаһым, мені сақташы…»: Азапталып қаза болған Ақнәрдің соңғы сәттегі видеосы тарады (ВИДЕО) Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатынан 12 алтын иеленді «Туғанымдай бағып едім»: 29 жастағы жігіт өгей анасы мен оның немересін өртеп жібермек болған «Басыңызға келсін»: Мөлдір Әуелбекова үй шаруасын жасамайтынын айтты Қатерлі ісікке шалдыққан Джо Байденнің 1 жыл ғана өмірі қалған Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО) Түркістанда қоңыр аю камераға түсіп қалды (ВИДЕО) Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды Швейцариялық Димаштың жанкүйері Қазақстан туралы кітап шығарды Екібастұзда есірткі жасырумен айналысқан оқушы қыз ұсталды Бүгін бірқатар өңірде бұршақ жауады «Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО)