«Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады

Азиз Қалижан Редактор
21.05.2025, 17:55
809
«Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады parlam.kz

Бүгін Қазақ мәдениеті үшін жартылай қайғылы күн дейді ақын.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Парламент Мәжілісінің депутаты, айтыскер әрі ақын Ринат Зайытов жақында әлеуметтік желіде жариялаған терең мағынаға толы өлең жолдарымен елді елең еткізді.

Ақынның жырында қазіргі қоғамдағы кейбір құбылыстарға, әсіресе мәдениет саласындағы соңғы шешімдерге деген наразылық пен қынжылыс сөз болған.

Желіде кең таралған жазбасында Зайытов:

«О, сұмдық-ай...
О, құрғыр.
Көншір ме екен көңіл бір.
Қай залымның кеңесі?
(Даттау сізге көмілгір)

Айналама қарасам,
Аспаным да көгілдір,
Жастарым да «көгілдір».
Қолын бұлғап қарсы алған,
Арманым да көгілдір,
Шымшық құсап қарсы алған,
«Тарланым» да «көгілдір»,
Тіс қайрау да шара жоқ
Үндемейсің...
Өмір – бұл.

Бүгін Қазақ мәдениеті үшін жартылай қайғылы күн деуге болады», - деп өз толғанысын өлеңмен өрген.

Ол бұл жазбасын көп ұзамай парақшасынан алып тастағанымен, жыр жолдары әлеуметтік желілер мен жаңалық порталдарында тез тарап кетті. Оқырмандар мен желі қолданушылары ақынның бұл наразылығын мәдениет саласында беріліп жатқан кейбір атақ-марапаттармен байланыстырды. Көпшілік арасында мәдениетке сіңірген еңбегі нақты әрі көрнекті тұлғалардың бағаланбай, орнына түсініксіз шешімдердің қабылданып жатқаны жайлы пікірлер жиі айтылуда.

«Бұл не деген сұмдық!», «Мейрам Бесбаев, Сәкен Майғазиев сынды шын өнер иелерінің орны бөлек еді ғой», – деп ақынның жанайқайына қолдау білдіріп жатты.

Ақынның өзі болса, бұл өлеңімен нақты бір тұлғаны нысанаға алып отыр ма, әлде жалпы құндылықтар дағдарысына үн қатты ма – ол жағы белгісіз. Дегенмен, Зайытовтың жазбасы қоғамның белгілі бір бөлігінде көптен бері қордаланып жүрген сұрақтарды тағы да күн тәртібіне шығарғаны анық.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады