«Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді

Азиз Қалижан Редактор
21.05.2025, 19:05
1267
«Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді бейнежазбадан

Мойнымда алақанмен бірдей қал тұр дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Ұлықпан Жолдасов КешREC бағдарламасында қонақ болып, имиджіне қатысты сұраққа жауап берді.

Өнер иесі неліктен шашын қимайтынын түсіндірді. 

"Шашым ақырындап түсіп жатыр. Жақында толық түседі. Қазір имидж ауыстырып қайтемін?! Менің мойным өте ұзын. Мойнымда алақанның көлеміндей қал тұр. Оның өзіндік тарихы бар. Кезінде анам құрбысымен емші көріпкел және құмалақ ашатын Аюп деген атамызға барып, "құрбыма құмалақ ашып бер" деп өтінген. Сол кезде атамыз анама қарап, "құмалақ сенің құрбыңа емес, саған түсіп тұр" депті. Кейін "Сенің кішкентай балаң бар екен. Үйге барған соң, мойнында, желке тұсында ақ қал болуы керек, қара!  Болса жеті мүшесінің біреуі кем болады, бірақ аман болады. Ал егер болмаса – қауіп. Мал сойып, садақа беріп, бірдене қыл" дейді екен. Бір күні далада ойнап жүрсем, мамам айғайлап шақырып алды. Жасым ол кезде 5-те болатын. Кейін "бар екен" деп жібере салды. Күнде таңертең 5-6-да оятып, тұрғызып алады. Қаламмен қалымды сызады. Сызғанда орны қарая береді. Қарайып-қарайып жоғалып кетеді. Содан қалған дақ бар. Соны шашыммен жабамын”, – деді әнші.

Одан кейін көріпкелдің айтқаны дәл келіп, түрлі жарақат алған. Бүгінде сол сүйегі қисық біткен көрінеді.

“Көріп жеті мүшесінің біреуі кем болады дегені дәл келді. 3-сыныпта қолымды сындырдым. Қазір қолым қатты бүгілмейді. Сөйтіп қысқарып қалған, одан кейін қисық бітті. Осы қолмен әскерге де барып келгенмін. Қазір қолым қатты бүгілмейді. Қысқарып қалған, бір жағынан қисық. Осы қолмен әскерге барып келдім. Қолымды жасырып, хирургке ақша беріп, тексерістен өтіп кеттім", – деді өнер иесі.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды