2160

Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатынан 12 алтын иеленді

Қазақстан қыздар құрамасы 12 алтын медаль алып, әлем назарына ілікті.

Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатынан 12 алтын иеленді
Спортты дамыту дирекциясы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шри-Ланкада өтіп жатқан бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақ қыздары тарихи жетістікке қол жеткізді. Финалға шыққан 12 боксшының бәрі алтын медаль иеленіп, ел намысын абыроймен қорғады.

Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, ұлттық құраманы аға жаттықтырушы Жанкелді Ахметов бастап апарған. Оның шәкірттері финалдағы барлық қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан қоржынына 12 алтын салды. Бұл — қыздар боксы тарихындағы ерекше оқиға.

Алтынмен апталып, жеңіспен жарқыраған чемпиондар:

48 келі – Айым Танкибаева

50 келі – Сила Биболсынқызы

52 келі – Рахмина Абдумежитова

54 келі – Жанель Имантаева

57 келі – Ақнұр Тұрсынғали

60 келі – Толғанай Қасымхан

63 келі – Алина Құдайгенова

66 келі – Ақбота Есімбекова

70 келі – Мария Сидоренко

75 келі – Зарина Толыбай

81 келі – Құралай Егінбайқызы

81 келі – Сабина Жақсылық

Материал авторы