Сенаторлар Ұлттық ұлан авиациясының дағдарыстық жағдайларға дайындығын бағалады

14.02.2025, 17:45
725
Сенаторлар Ұлттық ұлан авиациясының дағдарыстық жағдайларға дайындығын бағалады ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Парламенттің жоғарғы палатасы депутаттары Ұлттық ұлан авиабазасына қызметтік сапармен келді. Сенаторлар құқықтық тәртіп әскерінің авиациялық қызметінің мүмкіндіктерін зерттеп, ұшу экипаждарының дайындық деңгейін тексерді және жедел-қызметтік міндеттерді орындауға арналған техникамен танысты.

Әуе базасының командирі Дмитрий Бастер Парламент өкілдеріне авиацияның жауынгерлік дайындығы, әуе кемелерін пайдалану ерекшеліктері және әуе бөлімшесінің даму перспективалары туралы егжей-тегжейлі айтыпберді.

Делегаттар назарына күрделі ауа-райы жағдайларында және тәуліктің қараңғы уақытында іздестіру-құтқару, медициналық және көлік міндеттерін орындауға қабілетті көпфункционалды Ми-171Е тікұшағы ұсынылды. Тікұшақ экипажы қиын жағдайда тапсырмаларды орындауда үлкен тәжірибеге ие.

Мәселен, өткен жылы еліміздегі су тасқыны кезінде Ұлттық ұланның әуе кемелері қажетті ресурстарды тасымалдау және қол жетпейтін аудандарда көмек көрсету үшін белсенді пайдаланылды. Ұлттық ұланның ұшқыштары тәулік бойы ТЖ аймақтарына ұшып, адамдарды құтқаруға, дәрі-дәрмектерді, азық-түлік пен қажетті заттарды су құрсауында қалған аудандарға жедел жеткізді.

Ішкі істер министрінің орынбасарыҰлттық ұлан Бас Қолбасшысы Аңсаған Балтабеков авиациялық күштердің стратегиялық маңыздылығын атап өтті:

«Ұлттық ұланның авиациясы дағдарыстық жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Біз әуе флотын жаңғыртуды жалғастырамыз және ұшу құрамының біліктілігін арттыруға ерекше назар аударамыз».

Сапар аясында халық қалаулылары әскери бөлімнің мұражайына барып, инженерлік-техникалық және ұшу құрамының қызмет ерекшелігімен танысты, сондай-ақ авиацияны қамтамасыз ету мен одан әрі дамытумәселелерін талқылады.

Сенатор Андрей Лукин әскери-авиациялық қызметтің маңыздылығына тоқталды:

«Ұландықтар жауапты міндеттерді орындау кезінде жоғары кәсібилік танытады. Сенат Ұлттық ұланның авиациялық құрамдас бөлігін дамыту жөніндегі бастамаларын алдағы уақытта да қолдайтын болады».

Ұлттық ұлан авиациясы бұған дейін халықаралық жаттығуларда, қылмысқа қарсы операцияларда және гуманитарлық көмекті әлемнің әртүрлі аймақтарына жеткізу миссияларында өз кәсібилігін дәлелдегенін атап өткенжөн.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды