Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған

Аиса Махамбет Редактор
19.04.2025, 13:31
854
Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Stock Photo

Мұғалім өмір бойына сотталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде кәмелетке толмаған қызды зорлаған бұрынғы мұғалім сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

32 жастағы күдікті мектепте бастапқы әскери дайындықтан сабақ берген

Оқушы қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық қаралды. Іс Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша қозғалған.

«2024 жылы шілде айының соңында ер адам Семей қаласының оң жақ жағалауында автокөлікте отырып, күш қолдану арқылы жас баланы зорлаған», - деп хабарлады Абай облысы сотының баспасөз қызметі.

Сотталушы кінәсін мойындамай, соттан өзін ақтауды сұраған. Алайда ер адамның кінәсі сотпен жан-жақты зерттелген қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот оны педагогикалық және балалармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)